«Алматы ақшамы» газетінің ұжымы бірінші орынды иеленді

1310Сенбі күні алматылықтар «Спорт күнін» атап өтті. Осы орайда «Іce Party» спорт кешенінде Әуезов ауданы әкімі аппаратының қолдауымен «ҚР Конституциясы күні» және «Спорт күні» мерекелеріне орай ерлер арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа Әуезов ауданы әкімінің аппараты, Әуезов аудандық прокуратурасы, аудандық Салық басқармасы, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық Ішкі істер басқар­масы, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, №1 және №7 қалалық клиникалық ауруханалар және «Алматы ақшамы» газеті мен «Алматы» телеар­насының қызметкерлерінен құралған командалар қатысты.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде «Алматы ақшамы» газетінің ұжымы бірінші орынды иеленді. Екінші орын Әуезов аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығына бұйырса, ал үшінші орынға Әуезов ауданы әкімі аппараты жайғасты.

Сондай-ақ, өзінің мергендігімен, ептілігімен көзге көрінген ойыншылар да құралақан қайтпады. Атап айтқанда, «Ең үздік қақпашы» номинациясы бойынша Әуезов ауданы әкімі аппаратынан Н.Ерманов, «Ең үздік ойыншы» номинациясы бойынша Әуезов ауданы әкімі аппаратынан Ш.Тұрсынбаев, «Ең үздік шабуыл­шы» номинациясына Әуезов аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығынан А.Балтабаев, «Ең ардагер ойыншы» номинациясына «Алматы» телеарнасынан М.Әшірімбетов ие болды.

Сонымен қатар, осы күні №119 мектеп-лицейде Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «ҚР Конституциясы күні» және «Спорт күні» мерекелеріне орай қыздар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша, І орынды Әуезов ауданы әкімінің аппараты, ІІ орынды Әуезов аудандық медициналық бірлестігі, ал ІІІ орынды Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының нәзік жанды қызметкерлері алды.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *