Алматы – Ақ Олимпиада өткізуден үміткер

Алматы қаласын ХХІV Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу орны етіп ұсынуға байланысты кеңес өтті. Қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалығымен өткен бұл отырыста 2022 жылы ХХІV Қысқы Олимпиада мен ХІІІ Паралимпиада ойындарын өткізуге үміткер болып тіркелген Алматы қаласының мүмкіндіктері талқыланды.570

Кеңеске ҚР Спорт және дене тәрбиесі агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Тимур Досымбетов және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кеңесте Олимпиада өткізуге ұсыныс жасаудың Алматы үшін нәтижелі болған бірінші кезеңі қорытындыланды. Алматы Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) бірінші болып өтініш білдіріп, ХОК-тың өтініш кітабына тіркелген болатын. ХОК Алматы өтінішін еш кедергісіз қабылдады.

Бұдан өзге отырыста өтініш кампаниясының екінші кезеңіне дайындық пен өткізу мәселесі талқыланды. Қала әкімі екінші кезеңнің қиындау болатынын, тыңғылықты дайындықты қажет ететіндігін атап өтті.

– Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Мемлекет басшысы бірінші рет үлкен саяси мінберден Олимпиада ойындарын өткізу құқығы үшін барынша күресетінімізді айтты. Бұл сөздер біз үшін ең үлкен саяси қолдау, – деді Ахметжан Есімов.

Бүгінде Алматы Олимпиада өткізуден үміткер бес қаланың мүмкіндігін сараптаған «Power іndex» рейтингінде көш бастап тұр. Рейтинг индексі ойынға келушілерді орналас­тырудан бастап, Олимпиаданы өткізуге дейінгі 11 категорияны бағалаудан тұрады. Осы рейтингте Алматы 64 ұпай жинап, үміткер бес қаланың арасында бірінші орынға шықты.

2017 жылғы Қысқы Универсиада астанасы болып белгіленген Алматы қаласы 2022 жылғы Ақ Олимпиаданы да өткізеді деген үміт басым.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *