АЛМАТЫҒА ГАЗБЕН ЖҮРЕТІН 100 АВТОБУС ӘКЕЛІНДІ

666Қалада экологиялық таза көлік мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Бұл ретте Алматыда экологиялық таза  қоғамдық көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленді. Тіпті, қала бюджетінен экологиялық таза көлікті  дамыту саласына   бірталай инвестиция құйылды.  Бұл қомақты қаржы муниципалды парктің құрылуына, трамвай паркінің жаңартылуына жұмсалды. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің қатары газбен жүретін экологиялық таза автобустармен толықтырылып жатыр. Осы орайда кеше шаһар басшысы Ахметжан Есімов  газбен жүретін жүз автобустың кілтін табыстады. Бұл шараға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысып, сөз сөйледі. 

Алматы сияқты алып қалаға газбен немесе электр қуатымен жұмыс істейтін автобустар мен троллейбустардың қажет екендігін тілге тиек еткен қала басшысы  2017 жылға қарай бүкіл қоғамдық көлік газға ауыстырылатынын айтты.

– Бүгін қала көшелерімен экологиялық жағынан тиімді көлік саналатын 600 автобус пен 200 троллейбус заулап жүр. Бұған Еуропалық даму банкімен тығыз байланыстың арқасында қол жеткіздік.  Сонымен қатар, қала бюджетінің есебінен 17 троллейбус және 10 тауға арналған автобустар сатып алынды, – деді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Қала әкімінің мәлімдеуінше, бүгінде қоғамдық көліктің 70 пайызы газ және электр қуатымен қатынайды екен. Неміс технологиясы бойынша Қытайда құрастырылған автобустарда арнайы билет алатын валидаторлар мен аялдаманы хабарлайтын жүйе орнатылған. Барлық талаптарға жауап беретін еуростандарттағы көліктер мүмкіндігі шектеулі жандарға да еш қиындық тудырмайтындай көрінді. Себебі, автобустың баспалдағы төмен орналасқан. Сондай-ақ, алдағы уақытта барлық қоғамдық көліктер кондиционермен қамтамасыз етілмек.

PS. Шара соңында журналистер тобы «Алматыэлектркөлік» ЖШС-нің автобус жүргізушілеріне арналған жатақханасы мен Алматы жолаушылар көлігі және технология колледжінің өмірімен танысты. Бұл жайындағы материалдың толық нұсқасын келесі нөмірден оқи аласыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *