АЛМАТЫҒА БӨРТЕГҮЛ СЫЙЛАЙМЫЗ

Оқушылар сарайы тағы да бір танымдық іс-шараға мұрындық болды. «Жасыл Алматы» акциясы аясында Тұңғыш Президент саябағына Оқушылар сарайының экология-биология бөлімінің ұйытқы болуымен бөртегүлдер отырғызылды.

Қаламыздың ең көркем әрі таза ауасымен ерекше сұлу саябағына қазақ­стандық селекционерлер Мәриям Сағитова мен Тадеуш Дзевцкий сұрыптап шығарған бөртегүлдердің көшеттерін отырғызуға арналған осынау іс-шараға Алматыны жанындай жақсы көретін тұрғындар да белсене атсалысты.

«Қалаға бөртегүл сыйлаймыз» деп аталатын экологиялық іс-шара барысында саябақтың оңтүстік-шығыс қапталындағы сиренгарийден бөртегүлдің әр түрлі сұрыптарының 200-ге жуық көшеті өз орнын тауып, саябаққа сән беріп тұр. Бөртегүл хош иісімен ерекшеленетін көпжылдық гүлдер тұқымдасына жатады.

«Көктемнің хабаршысы» аталып кеткен бұл гүл түрі шынымен қыстың өткенін, көктемнің жеткенін білдіреді.

– Осы гүлдерді отырғызудағы басты себебіміз – еліміздегі бөртегүлдерді сақтап, оларды қорғау болып табылады. Қаламыз­дың көркеюіне өзіндік үлесін қосатын, ерекше көрік беретін бұл гүл түрін таңдап отырғанымыздың өзі жәй емес. Ерекше иісі бар гүл адам ағзасына да пайдалы, – дейді Оқушылар сарайының басшысы Айгүл Болатбекқызы.

Сонымен, гүл көшеттерін отырғызуға Алматы Жасыл экономика басқармасы, Бостандық ауданы әкімшілігі, Green Genіs ҮЕҰ атсалысып, қолдау білдірді.

«ЭкоФермер» шаруашылығы (дирек­торы Д.С.Тен) көшеттерге арналған тыңайт­қышты ұсынып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *