«Алматы 2050» Стратегиясының үш киті : жаңа экономика, жаңа кеңістік пен жаңа коммуникациялар — Б. Сағынтаев

Бүгін Kazakhstan Urban Conference-2019 отырысында Алматы әкімі Б. Сағынтаев мегаполистің дамуының түбегейлі жаңа кезеңін бастайтын «Алматы 2050» Стратегиясының қоғам мен сарапшылар талқылауынан өткен нәтижесін ұсынды.

Алматы әкімдігі ұйымдастырған Kazakhstan Urban Conference 2019 форумының пікірталас алаңында қоғамдық қауіпсіздік, қала көлігінің тиімділігі, экология, мегаполистің аумақтық дамуы, коммуналды секторды жақсарту, еңбекпен қамту және басқа да мәселелер талқылануда. «2050 жылы Алматының келбеті қалай өзгереді?», «Алматы 5 млн. тұрғынға метроөңір бола ала ма?» тақырыптары жеке талқыланатын болады.
Урбан форумның жұмысына стейкхолдерлер, урбанистер, сәулетшілер, экономистер, инвесторлар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен қала тұрғындары қатысуда, олар ашық диалог барысында замануи қалалардың дамуы туралы өз ойларын ортаға салатын болады.
Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев «Алматы 2050» даму Стратегиясы туралы айта келіп, оның басты үш қағидатқа: жаңа экономикаға, жаңа кеңістік және жаңа коммуникацияларға негізделгенін атап өтті.
«Біз алматылықтардың жоғары сапалы өмір сүрулері мықты қалалық экономикалық база қалыптасқанда ғана мүмкін екеніне көз жеткіздік. Сондықтан Стратегияда экономикалық дамудың «құрылымдық маневрі» жасалған, осының аясында біз креативті индустрияның, ақпараттық технологияның, туризмнің үлесін біртіндеп ұлғайтатын боламыз», — деп атап өтті қала әкімі Б. Сағынтаев.
Мегаполис әкімі жаңа қалалық кеңістік туралы сөз еткенде Алматының «шетсіз қала» ретінде дамитынын айтты.
«Қала кеңістігін полиорталықтандыруға көшіру біртіндеп жүзеге асатын болады. Өмір сүрудің жоғары сапалы стандарттары болуы тиіс және ол қаланың барлық аудандарында қамтамасыз етіледі. Бұл менің алдыма қойған басты мақсатым», — деді Б. Сағынтаев.
Үшінші қағидат – жаңа коммуникациялар — «Алматы 2050» Стратегиясын әзірлеуде қолданылды және қаланың ең өзекті мәселелерін талдауда конструктивті қоғамдық диалогты қорытындылады.
Стратегиядағы міндеттерді жүзеге асыру үшін орта мерзімді шешуді қажет ететін бірқатар құжаттар қабылданды. Бұлар – 2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматының» Кешенді жоспары, «Үлкен Алматы» — Алматы агломерациясын дамытудың өңіраралық жоспары, «Алматы Бизнес-2025» бірыңғай өңірлік бағдарлама.
Бұлардан өзге, «Алматы 2025» даму бағдарламасы, қаланы дамытудың шеберлік жоспарының тұжырымдамасы және Алматының жаңа бас жоспары әзірленетін болады. Сонымен қатар, қаланың барлық сегіз ауданды дамудың үш жылдық шеберлік жоспарларын дайындаулары тиіс.
«Бүгін Стратегияны әзірлеуге және талқылауға қаланың барша жұртшылығы белсенді түрде қатысты деп нық сеніммен айта аламын. Оны дайындауға Алматының сарапшылар қоғамдастығы, Іскерлік кеңесі, Қоғамдық кеңесі, қалалық мәслихаттың депутаттар корпусы, бизнес-қоғамдастық, қаланың белсенді азаматтары мен тұрғындары кеңінен тартылды», — деді Б. Сағынтаев. Ол Алматыны стратегиялық жоспарлау барысында «еститін мемлекет» қағидатының аллғаш рет жүзеге асқанын атап өтті.
Стратегия жобасы арнайы сайтта ашық түрде ұсынылды, мұнда әркім өзінің ұсыныс, пікірін білдіре алды және қалалық газеттерде жарияланды, әлеуметтік желілер мен телеарнада кеңінен тарады.
Мыңнан астам ұсыныс түсті. Қалалық мобилділік және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша түскен сауалдар басым (18,2%) болды, екінші орында (12%) экология мен жасылдандыру, ауа бассейнін тазарту мәселелерін шешу тұрса, сәулет, құрылыс ТҮКШ бойынша түскен ұсыныстар 10,6%-ды құрады.
Барлық түскен ұсыныстар бірнеше санаттарға бөлінді. Сайт арқылы түскен тұрғындардың шамамен 130 ұсыныстары стратегияның қорытынды нұсқасында ескерілді. 234 ұсыныс орташа мерзімді (тактикалық)сипат алғандықтан мемлекеттік органдардың операциялық жоспарларына енетін болады. 123 ұсыныс таяу арада шешілуі үшін OpenAlmaty жүйесіне тіркелген.
Сарапшылар мен қоғамдастықтың пікірлері ескеріліп қайта толықтырылған Стратегия қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *