Алмалының айымдары еңбегімен ерекшеленеді

Жер бетіндегі тіршілік атаулының жаршысы – ару-көктеммен бірге келген аналарымыз бен қыз-келіншектеріміздің көркем мерекесі де келіп жетті. Бұл күннің ең басты ерекшелігі – ардақты ана­ларымыздың қоғамдағы алатын орнын айшықтап, өлшеусіз ана алдындағы парызымызды сезіне­тіндігімізде.

«Жұмақ ананың табанының астында», «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ана алдындағы борышыңды өтей алмайсың» деген қағидалар да тектен-текке айтылмаса керек. Қазақ өнерінің құдыреті – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында Алмалы ауданы әкімінің аудан әйелдерін құттықтауға арналған салтанатты қабылдауы өтті.

Бұл күнгі аудан әкімінің қабылдауына еңбек саласы мен денсаулық саласына, жалпы ауданның экономикалық дамуына зор үлесін қосқан әйелдер шақырылды. Көктемнің шуақты күнінде бір сәт бас қосқан әйел-аналар қазақ өнерінің болашақ қарлығаштарының орындауындағы «Әйел күннің шуағынан жаралған» деп аталатын концерттік бағдарламаны тамашалады.

Рая ЕСКЕНДІР

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *