Алмалы ауданы топ жарды

Ермұхамед МӘУЛЕН

Алматы қаласы әкiмдiгi, «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы, Туризм, денешынықтыру және спорт басқармасы, Бiлiм басқармасы, Халықтық-ұлттық спорт түрлерi және бұқаралық сауықтыру-денешынықтыру клубы  Орталық стадионның манежiнде «Шынықсаң шымыр боласың» атты ұранмен балабақша меңгерушiлерiнiң командалары арасында «Бибi ана» спартакиадасын өткiздi.

«Бибi ана» спартакиадасында: «Бұқа тартыс», «Баскетбол добын лақтыру», «Дартс», «Тымақ ұру»,  «Сағат», «Доппен жүгiру эстафетасы», «Шеңберден өту эстафетасы» «Шоқпар» сияқты халықтық-ұлттық спорт түрлерiнен жарыстар өткiзiлдi.

Жалпыкомандалық орын:

I –  орын  Алмалы ауданы,

II –  орын  Медеу  ауданы,

III – орын Алатау ауданы,

IV – орын Бостандық ауданы,

V –  орын Жетiсу  ауданы,

VI – орын Түрксiб ауданы,

VII – орын Әуезов ауданы.

Түрксiб ауданы қамқорлық шарасын жалғастырып келедi

Бүгiндерi жалғызбасты және жалғыз тұратын 273 азамат Түрксiб аудандық жұмыспен қамту және әлеу­меттiк бағдарламалар бөлiмiнiң үйден әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiмен қамтамасыз етiледi.

Ауданда барлығы жалпы жұмыс iстейтiндердiң саны 30 адам болатын, әлеуметтiк көмектi үйден көрсететiн 3 бөлiмше, оның iшiнде 28 әлеуметтiк қызметкерлерi бар 2 меңгерушiлiк бөлiмше жұмыс iстейдi. Олар Ұлы Отан соғысына, еңбек майданына қатысқандарға, мүгедектерге, жасы келген зейнеткерлерге үйден қызмет көрсетедi.

Үйден көрсетiлетiн қызметтi жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт адамдар, 1 және 2-топтың мүгедектерi және қарттар мен мүгедектердiң санынан өзгелердiң көмегiне мұқтаж, психикалық, онкологиялық және жұқпалы аурумен ауырмайтын ерлi-зайыпты жұбайлар қабылдайды.

Жалғызбасты қарттар мен еңбекке қабiлеттi балалары жоқ азаматтар заң бойынша оларды күтуге мiндеттi.

Үйден қызмет көрсету жолы зейнеткердiң және мүгедектердiң осындай көмекке мұқтаждығы және жалғызбасты азаматтың материалдық-тұрмыстық қызметiн тексеру туралы медициналық мекеменiң қорытынды­сындағы жеке арызының негiзiнде жүргiзiледi.

Әлеуметтiк қызметкерлер аудандағы әртүрлi iс-шараларды жүргiзуге және ұйымдастыруға (қайырым­дылық түскi асқа қызмет көрсету, жуынатын заттарды, медикаменттер және азық-түлiк жиынтықтарын жеткiзуге) белсендiлiкпен қатысады.

Әлеуметтiк қызметкерлер аптасына 2 рет 9-10 адамға бiрқатар әлеуметтiк тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, экономикалық және қамқорлыққа алынғандардың қалыпты өмiрiн қолдау бойынша құқықтық қызмет көрсетумен қамтамасыз етедi.

«Шеврон» сенбiлiк өткiздi

Алматы қаласындағы әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң маңайын көгалдандыруға бағытталған жыл сайынғы ерiктiлер акциясы шеңберiнде «Шеврон» компаниясының қызметкерлерi мен серiктестерi  қалалық  Бiлiм беру басқармасының интеллек­туалды  дамуы төмен балаларға арналған №7 мектеп-интернаты­ның айналасын көгалдандыру сенбiлiгiн өткiзедi.

Қазiр Алматы қаласындағы №7 мектеп-интернатында «ақыл-ой кемтарлығы» бар 192 бала тұрып, оқиды, олардың 112-сi мүгедек балалар. Осы балалардың көбi жеткiлiктi қамтамасыз етiлмеген, тұрмысы нашар отбасыларында тәрбиеленедi, сондықтан олар демалыс кезiнде де интернатта қалуға мәжбүр.

Осы балалардың интернаттағы демалысы мен өмiр сүруiн жайлы және денсаулықтарына пайдалы ету үшiн «Шеврон» компаниясы күрке сатып алып, интернат аумағына орнатты, раушан гүлдерi мен басқа-да өсiмдiктер отырғызды, бояу және әктеу жұмыстарын жүргiздi. Сонымен қатар, 2011 жылғы сәуiрде «Шеврон» компаниясы өзiнiң жыл сайынғы қайырымдылық шарасы аясында №7 мектеп-интернатына оқушылар маман­дық алатын картонды қаптау шеберханасында қолдану  үшiн «Eduplay» бiлiм беру жүйесi мен 2 компьютер сыйлады.

Компанияның қызметкерлерi жыл сайын  ұйымдасты­рылатын  ерiктiлер акциялары «Шевронның» топтық рухын нығайтатынын атап өттi. Дәстүр бойынша ерiктiлер акциясына компания серiктестерi де қатысады. Осылайша, биылғы жылы ерiктiлер акциясына Қ.Сәтбаев атын­дағы ҚазҰТУ-дiң мұнайшы-инженерлер, халық­ара­лық қоғамының студенттiк бөлiмшесi мен ҚазҰТУ-дың геолог-студенттер қоғамы қосылды.

«Шеврон» компаниясының Қазақстан Республика­сымен серiктестiгi 18 жылды құрайды. Осы мерзiм аралығында компания елдiң экономикалық өсуi мен өркен­деуi­не бағытталған бастамалар мен бағдарламаларды дамытуға, адамдарды оқытуға, адами әлеуеттi дамытуға, нарық­тық дағдылар мен бiлiмдер беруге, шағын және орта бизнестi қолдауға ерекше назар аударады.

Осы бастамалар жергiлiктi және орта­лық мемлекет­тiк үкiмет органдары­мен,  қауымдастық­тармен, үкiметтiк емес және халықаралық ұйымдармен серiктестiкте ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *