АЛМАЛЫ АУДАНЫНЫҢ АЛАР АСУЫ АЛДА

Бекқали  Торғаев, Алмалы ауданының әкімі

 

Алмалы ауданында 217 мыңнан астам адам тұрады. 2019 жылы аудан бюджеті 8 599,4 млн. теңгені құрады, бюджет қаржысы 100%  игерілді.  

Мемлекеттік бюджетке 421,3 млрд. теңге салық түсімі қамтамасыз етілді, болжам бойынша 402,7 млрд. теңге, яғни орындалуы 105% немесе 18,5 млрд.теңгеге артық. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 140% немесе 121 млрд. теңгеге артық.

Республикалық бюджетке 323,4 млрд. теңге салық түсімі қамтамасыз етілді, болжам бойынша 306,4 млрд. теңге, орындалуы 106%-ды құрады немесе 16,9 млрд. теңгеге артық.

Жергілікті бюджетке 97,8 млрд. теңге салық түсімі қамтамасыз етілді, болжам бойынша 96,3 млрд. теңге, орындалуы 102% құрады немесе 1,5 млрд.теңгеге артық. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 107% құрады немесе 6,2 млрд. теңгеге артық.

Ауданда 30 730 кәсіпорын тіркелген (Алматы қаласы бойынша – 125 554, ауданның үлесі 24,4%), оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 17 889 (Алматы қаласы бойынша – 75 888, аудан үлесі 23,6%), 28 458 шағын және орта бизнес тіркелген (Алматы қаласы бойынша – 116 704, аудан үлесі 24,4%), одан 16 602-сі жұмыс істейді (Алматы қаласы бойынша – 70 767, аудан үлесі 23,4%) (2018 ж. 28 700 тіркелген, 15 129-ы жұмыс істейді).

ӨНЕРКӘСІП. 2019 жылы аудан кәсіпорындары негізгі капиталға 102,9 млрд. теңге немесе 109,3% инвестиция енгізді (2018 жылы –  92,5 млрд. теңге).

Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 159 млрд. теңгеге өнім өндірді немесе 104% (2018 жылы – 166,7 млрд. теңге). Тауар айналымының жалпы көлемі 3,4 трлн. теңгені құрады (2018 жылы –  3 трлн. теңге).

Былтыр 4100 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын. Нәтижесінде 5802 жұмыс орны ашылды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 7,9 млрд. теңгеге 34 жоба қатысты. Бағдарлама аясында 367 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда 12 жоба бойынша 137 жұмыс орны құрылды. (2018 жылы 22 жоба 19,7 млрд. тг. сомасында қатысып, 338 жұмыс орны ашылған болатын): субсидиялау бойынша 7 млрд. теңге сомасына 24 жоба (568 жұмыс орны сақталды, 285 жұмыс орнын құру жоспарлануда); кепілдендіру бойынша 836,6 млн. теңге сомасына 10 жоба (320 жұмыс орны сақталды, 82 жұмыс орнын құру жоспарлануда).

2019 жылы заманауи стандарттар мен тұрғындардың қажеттіліктеріне жоғары деңгейде сәйкес келетін 13,6 млрд. теңге сомасына 11 коммерциялық нысан ашылып, 368 жұмыс орын құрылды.

КӨРІКТЕНДІРУ. «Алматы тазалық» МКК мердігерлік мекемесінің күшімен күнделікті ұзындығы 186,8 км. 110 көше, ұзындығы 214,4 км. тротуарлар және 180,3 км. арық жүйелері тазартылды.

Қысқы кезеңде қарды уақтылы тазалау жұмыстарына 132 бірлік арнайы техника және 430-дан аса жол жұмысшылары тартылып,  40 768 м3 қар   шығарылды (2018 жылы  31 186 м3).

«Тәртіп» АҚ күшімен күнделікті 1442 дана контейнер орнатылған 271 қоқыс алаңдарын жинау жұмыстары жүргізілді. 2 жаңа контейнер алаңы құрылысы, 23 контейнер алаңдарын жөндеу және 350 контейнерлерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (контейнерлер сырланып, 850 дөңгелегі ауыстырылды).

«Эталон» ЖҚК ЖШС және «Фирма ЛЭУ» ЖШС мердігер мекемелерінің күштерімен 22 саябақ, 1 бақ, 5 бульвар, 15 жасыл аймақ және Райымбек даңғылының (Боткин көшесінен Тілендиев  көшесіне дейін) бойындағы жалпы алаңы 99,3 га. 1 бөлу жолағын күтіп-ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Үш көшені (Жібек жолы, Байсейітова, Дүйсенов көшелері) қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жаңарту аясында балалар және спорттық ойын алаңдары, субұрқақ, орындықтар, қоқыс жәшіктері, шағын сәулеткерлік бейнелер орнатылып, жасыл желектер отырғызылды, жарықтандыру және суару жүйелері салынды. 5053 дана ағаш отырғызылды. 3 қабырғаға монументалды сурет салынды. 16 ескерткішті жарықтандырылды.

АРЫҚ ЖЕЛІЛЕРІН ҚАЙТА ҚҰРУ. Ауданның арық желілерінің жалпы ұзындығы – 180,3 км. Су тасқыны кезінде су басуына және әлеуметтік шиеленіске жол бермеу мақсатында 2019 жылы 31,3 км. арық желілері қайта жаңартылып, оның ішінде 5,1 км. жаңадан салынды.

Ең маңызды жұмыстардың бірі – Чокин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі Төле би көшесінің арық желілері Райымбек даңғылындағы «АЗТМ» зауытының аумағы арқылы шығарылып, қайта жаңартылғандығы. Барлығы 2,7 км. арық желілері қайта жаңартылып, 11 өткелді тесу жұмыстары жүргізілді.

КӨШЕЛЕРДІ ОРТАША ЖӨНДЕУ. Аудан аумағында ұзындығы 186,8 км. 110 көше орналасқан. 2019 жылы ұзындығы 21 км.-ден аса 15 көше орташа жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Сондай-ақ, мердігер мекеме Қазыбек би көшесіне, Абылай хан даңғылы мен Желтоқсан көшесінің аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Аудан аумағында тротуарларды жөндеу аясында 2019 жы­лы жалпы ұзындығы 2,7 км. 18 мекен-жай бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, оның ішінде 9 учаскеде (1,7 км.) жаңа құрылыс және 8 учаскеде (1 км.) жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Алматы қалалық Мобильдік басқармасы 14 бағдаршам нысандарын салу бойынша жұмыстар жүргізді.

ЖАРЫҚТАНДЫРУ. Алмалы ауданында жалпы ұзындығы 356,6 км. 13 317 жарық нүктесі орналасқан. СЖБШ саны – 155 дана.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жарықтан­дырылмаған 49 учаскеде 137 жарықтандыру тіректерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, бүгінгі таңда 26 жарықтандырылмаған учаскелерді, жекелей жарықтанды­рылған 49 ішкі аула аумақтарын және 68 учаскені сыртқы жарықтандыру үшін  ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

«ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ – 2020» бағдарламасы аясында 19 тұрғын үйдің шатырларын, қасбеттерін және инженерлік желілерін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және 40 тұрғын үйдегі жарамдылық мерзімі (25 жыл) өткен 88 лифт жабдықтары ауыстырылды.

2020 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «ТКШ жаңғырту» бағдарламасына қатысуға тұрғындардан «Тұрғын үй» ЖШС-не 148 өтінім берілді, оның ішінде 18 үйдің шатырлары, қасбеттері және инженерлік техникасы күрделі жөндеуден және 52-сінде 126 лифт жабдықтары ауыстырылады. 215 тұрғын үйдің  ішкі аулаларында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, 171 балалар ойын кешені, 31 жаттығулар және 39 спорт алаңы орнатылды.

Былтыр көппәтерлі тұрғын үйлерге 575 жылу энергиясын есептеу құрылғысы орнатылды. Яғни жалпы саны 1374 көп- пәтерлі тұрғын үйдің ішінен 1142-де1152 есептеу құрылғысы бар. 184 көппәтерлі үйлерде орнатуға техникалық мүмкіндік болмағандықтан, жылу энергиясының есептегіш құралдары орнатылмаған. 38 көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын­дарымен «АлТС» ЖШС қызметкерлерімен бірге жалпы жиналыстар өткізіліп, ыстық су және  жылумен жабдықтау қызметтерін тұтынуды үнемдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы 38 көппәтерлі үйде 97 жылу энергиясының есептегіш құралдарын орнату жоспарлануда.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА. «2017–2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 6208 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 305 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 283, қоғамдық жұмыстарға – 796, жастар тәжірибесіне 154 адам жіберіліп, тұрақты жұмыс орындарына 4670 адам жұмысқа орналастырылды. 1985 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.

Аз қамтылған 630 отбасына жалпы сомасы 340 871,239 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. 3650 адам жалпы сомасы 174 млн. теңгеге әлеуметтік көмек (тұрғын үй, әлеуметтік, біржолғы) алды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ортаны құру мақсатында 100 әлеуметтік нысан бейімделді. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде 509 жалғызілікті зейнеткер мен мүгедектерге қызмет көрсетілуде.

2019 жылдың тамыз айынан «Бақытты отбасы» орталығы жұмысы істеп, «ІSKER ANA» жобасын жүзеге асыруда. Орталықта 5 мыңнан астам қызметтер көрсетіліп, 655 адам бизнес курстарын оқыды, оның ішінде 235 адам бизнес ашуға шағын несие алды, 30 көпбалалы анаға үйлерінде бизнес ашу үшін жабдықтар мен материалдар сатып алынды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ. Ауданның 26 денсаулық сақтау мекемесінде (9 республикалық,17 қалалық медициналық) 2003 дәрігер, 4728 орта және кіші медициналық қызметкер жұмыс істейді. Емханаларда қызмет көрсетілетін халық саны – 248 401. Нәтижелі жұмыстар арқасында ауру деңгейі төмендеуде.

«Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы» жанынан жастар денсаулығын қорғау бойынша «Жастар ресурстық орталығы» ашылды. №30 қалалық емханада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал қалалық кардиологиялық орталықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

БІЛІМ БЕРУ. Аудан  аумағында  жалпы  саны 33014 оқушыны қамтитын 40 орта  білім  беретін мектеп орналасқан (29 мемлекеттік мектепте – 30814 оқушы, 11 жеке мектепте – 2200). Аудан бойынша 92 оқушы қалалық олимпиаданың және 6 оқушы республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша №39 және №90 физика-математикалық лицейлері үздік мектептер деп танылып, 6 қатысушы жүлдегер атанды.

2019 жылғы жазғы демалыс кезеңінде Алмалы ауданының 29 орта білім беру ұйымдарында 2030 оқушыны қамтитын мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істеді, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларынан 430 бала бюджет есебінен қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде демалды.

Аудан аумағында жалпы саны 8188 баланы қамтитын 26 мемлекеттік және 88 жекеменшік негіздегі мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 518 орынға арналған 8 жеке мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді.

МӘДЕНИЕТ. Ауданда 43 мәдени ойын-сауық нысаны орналасқан (4 кинотеатр, 8 кітапхана, 10 мұражай, 1 концерт залы, 7 театр, 6 музыка мектебі, 1 балалар шығармашылығы үйі, 6 галерея).

Мәдени мұраларға ұқыптылықпен қарау мақсатында ауданда Алматы қаласының Мәдениет басқармасымен бірге 48 тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 11 республикалық және 37 жергілікті (1 – археология қорғаны, 1 – мавзолей, 16 – мону­менталды ескерткіш, 30 – сәулеткерлік ескерткіш). Былтыр барлық 16 монументалды ескерткішке жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

ҚҰҚЫҚ және ТӘРТІП. 2019 жылы Алмалы ауданы аумағында АЕК-те 39086 (2018 ж. – 37625 ж.) құқықбұзу­шылық тіркелді, оның ішінде – 11830 (2018 ж. – 13670) қылмыстық құқық бұзушылықтар, өткен жылмен салыстырғанда төмендеу – 13,5% құрады. Қылмыстарды ашу саны – 3157 (24,8% ), 2018 жылы 2780 болған (22,0%).

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, соның ішінде инновациялық технологияларды енгізу жолымен ауданда 87 «Сергек» камерасы орнатылды, оның ішінде 43-і қиылыстарда, 44-і жол бойындағы желілік учаскелерде. «Қауіпсіз қала» бағдарламасы бойынша 116 камера орнатылды.

Алмалы ауданы бойынша 5 модульді стационарлық полиция бекеті орнатылды: «Арбат» (Жібек жолы – Байсейі­това көшелерінің қиылысы). «Ганди паркі» (Жамбыл – Айманов көшелерінің қиылысы), Дүйсенов – Аренский көшелерінің қиылысы, Төле би – Прокофьев көшелерінің қиылысы, Гоголь – Мұратбаев көшелерінің қиылысы.

ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша 1727 хаттама толтырылып, 2,2 млн. теңгеге айыппұл салынды, 1,4 млн. тг. өндіріліп алынды және 505-бабы бойынша 4632 хаттама толтырылып, 5,1 млн. теңгеге айыппұл салынды, 4,8 млн. теңге өндіріп алынды.

ОСЫ және ӨЗГЕ ДЕ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР БИЫЛ ДА ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБАТЫН БОЛАДЫ.

 

Ескертпе: кездесу басталғанға дейін 1 сағат бұрын және кездесу аяқталғаннан кейін азаматтарды қабылдау ұйымдасты­рылады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *