Алмалы ауданында 200-ге жуық аула абаттандырылады

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың есептік кездесуіне қатысты. Жиында аудан әкімі өткен жылы атқарылған іс-шараларға қысқаша тоқталды.

Басым міндеттердің бірі – аула ішіндегі кеңістіктерді кешенді жаңғырту болып табы­лады.

Ауданда 861 аула аумағы бар. Өткен жы­лы 215 аулаға күрделі жөндеу жүргізілді. Ағым­дағы жы­лы 192 ауланы жөндеу жоспар­лануда.

Осылайша 40 мың­нан астам тұрғын үшін қолайлы орта жақ­сарады.

Аудан әкімі Б.Тор­ғаев мәлім­дегендей, өткен жылы 59 көп­пә­терлі үйдің тұрғындары «2020 жылға дейін өңір­лерді дамыту» бағдар­ламасы бойынша ша­тыр­ды, инженерлік же­лілерді және 88 лифтті жаңғыртқан.

Ағымдағы жылы тұрғын үйді жаңғырту 2020–2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарла­масы бойынша жалғасады.

Ауданда 7 ескі үй бұзылып, оның орнына жаңа үйлер салынды. Осылайша 52 отбасы­ның тұрғын үй жағдайы жақсарды.

Қала тұрғындары иесіз желі­лердің мәсе­лелерін жиі айтады. Өткен жылы комму­нал­дық қызмет­керлердің балансына 8,5 шақы­рым электр, жылу және кәріз желілері берілді.

Ауданның 15,2 ша­қырым иесіз желілері мен 18 трансфор­ма­торлық қосалқы стан­саларын беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *