«Алма-Атинская» емес, «Алматы» деп атаса

Мәскеудегi метро стансаларының бiрiне Алматы атауы берiлмек Мәскеу қаласының вице-мэрi Людмила Швецова «Известияның» тiлшiсi Александра Гавычеваға қаладағы көшелер мен стансаларға, мекемелерге атау беру жөнiндегi комиссияның жұмысы туралы айта келiп, былай дедi:– Мен қала бойынша мәдени және қоғамдық процестерге жауапты болғаннан кейiн мэр маған арнайы тапсырма бердi. Комиссияның жетекшiсi ретiнде айтсам, мен үшiн бұл өте қызықты жұмыс. Мен осы комиссия жұмысы арқылы өзiмнiң сүйiктi қалама деген сүйiспеншiлiгiмдi бiлдiре аламын. Оның үстiне қаламызды бiзге ешқандай қатысы жоқ жат атаулардан да қорғай аламыз.

Комиссия көптен берi жиналмағаннан кейiн оның алғашқы отырысы ұзаққа созылды. Сексеннен астам мәселенi қарадық. Мәселен, Братеев ауданындағы метро стансасының бiрiне «Алма-Атинская» атауын беруге келiстiк. 1йткенi, сол тұста осы iспеттi атау бар. Оның үстiне ендi iске қосылатын Алматы метросында «Московская» атауы болатынын да ескердiк. Сондай-ақ, бұл қалада Мәскеудi ерлiкпен қорғаған Панфилов дивизиясы құрылғанын да әркiм бiледi.

Р.S. Бәрi де дұрыс қой. Мұндай құрмет қалалар арасындағы ынтымақты, бiрлiктi арттыра түссе керек. Дейтұрсақ та, қаламыздың атауын бiрнеше жылдан берi бiр iзге түскен «Алматы» атауымен атаса, құба-құп болар едi және солай дұрыс аталуына тиiстi орындардың мұрындық болғаны жөн.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *