Алма-Арасан мен Аюсай шатқалы тазаланды

#Birge #TazaQazaqstan жалпы республикалық экологиялық акцияны қолдау мақсатында Алматыда #TazaAlmaty экоакциясының екінші кезеңі өтті. Игі шараның мақсаты — өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру арқылы қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйрету. Бұдан өзге экология мәселесіне қоғамның назарын аударту болып табылады. Алма-Арасан мен Аюсай шатқалында өткен экоакцияға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Тазалық шаралары қаланың барлық аудандарында өтті. Акцияға барлық сегіз аудан әкімдіктері мен басқармалардың қызметкерлері, Еріктілер лигасы, «Жасыл Ел», ҮЕҰ мүшелері, мәдениет және спорт салаларының өкілдері қатысты. Жасыл экономика басқармасының мәліметінше, акцияға 1,5 мың адам қатысып, барлығы сегіз тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 6 бірлік арнайы техника мен 35 автобус жұмылдырылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *