Алма-арасанға «Сергек» камералары қойылады

Жақын күндері  Алма-Арасан шатқалына кіру төлемдерін автоматтандыру бойынша пилоттық жоба іске қосылады.

Мәншүк БЕКБОСЫН

– Қазір мұнда төлемдер қолма-қол жүргізіліп отыр. Осы орайда орын алған кейбір келеңсіздіктерді түбегейлі жойғымыз келеді. Сол себепті, Алматы қаласының әкімдігі, «Оңай» және «Сергек» компания­ларымен бірлесіп, бақы­лау пунктте­рінде төлем жүйелерін автоматтан­дыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Оның ішіне Алма-Арасан шатқалында орна­ласқан бақылау бекеті де кіреді, – деді Іле-Алатау ұлт­тық паркінің өкілі Тілек Әділжанов.

Оның айтуынша, бақылау бекеті камералармен, турникет­термен және өзіне-өзі қызмет көрсету терминал­дарымен жаб­дық­­талады. Алдағы уақытта келушілер табиғи қорықтың аумағына кіру үшін өздері төлем жасай алады.

Бұл әзірге пилоттық жоба. Жалпы, Қазақстан бойынша мұндай жүйе әзірге жоқ екен. Егер жоба өз-өзін ақтайтын болса, жүйе өзге ұлттық парктерде де қолданысқа енетін болады. Аталған жобаны көктемге қарай іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл ретте бұдан былай ұлттық паркке кіру тәртібі басқаша болмақ. Автокөлікпен келген туристер көліктерінен түсіп төлем жасайды. Басылып шыққан штрих-кодты енгізеді. Содан кейін ғана шлагбаум автоматты түрде ашылады. Қазір төлем жасаудың екі нұсқасы қарастырылуда: қорғалған аумаққа кірген бойда және шыққан кезде төлем жасау. Ұлттық паркке кіру ақысын «Оңай» карточ­касымен, сайт немесе банк карточкалары арқылы төлеуге болады. Айта кетейік, қазіргі таңда Іле-Алатау ұлттық паркінің Алма-Арасан шатқалына кіру үшін бір адам 450 теңге төлеуі тиіс.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *