Алма, Алматы және «Алматы ақшамы»

Бәтима ЗӘУІРБЕКОВА,

суретші-гобеленші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,

ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегеріБәтима Зәуірбекова ұлтымыздың тұрмыс-тіршілігін өзі таңдаған дара өнер – гобеленге сыйғызып, сол арқылы қазақты әлемге танытып келе жатқан жаңашыл суреткер.

Гобеленнің арғы атасы еуропалықтар десек те, ол боялған жіптен түрлі ою-өрнектер құрап, тықыр кілем мен алаша тоқуды білген қазақ үшін мүлдем таңсық емес. Иә, күні кешеге дейін әрбір қазақ әйелінің киіз басып, кілем, алаша тоқумен айналысқаны белгілі. Сондықтан гобеленді өзімізше «алашаның заманауи түрі» деп санауға болады.

Қазақта ерлер арасында тұңғыш гобеленші ретінде Құрасбек Тыныбеков танылса, «гобеленнің анасы» – Бәтима Зәуірбекова. Біз бұл суретшінің Алматы туралы үлкен картинасының барын білуші едік, сөзге тарттық. Сөйтсек, «Алматы ақшамы» жайында да лебізі бар екен. – АЛМАТЫ – мен үшін әлемдегі ең әсем қала! Алматы туралы тебіренбей айту мүмкін емес.

Менің сүйікті қалам. 1964 жылы Меркіден (Жамбыл облысы) ауыл мектебін бітіріп, арман қуып келгенімде, мен сияқты ұяң ғана кішкентай арманшыл қызға алғаш құшағын айқара ашып, жатырқамай қарсы алған шаһар. Жастығымның уыз шағы өткен, өміріме үлкен естелік қалдырған қала.

Осы қалада қылқаламның шеберлігіне төселдім. Студенттік жылдарым өтті. Сол студент шақта бау-бақшасын аралап, табиғат аясында  талай этюд салдым.

Сол бір жылдардағы Алматының кескін-көркі көз жанарыма суреттей жазылып қалыпты. Қала көшелерінің арықтарында сарқырап су ағып жататын. Тасқындай ағатын арықтарда Алматының апорттары көз алдыңнан домалай ағып өтеді. Кілт тоқтай қалып, арықтың суына қолымызды салып кеп жіберіп, әлгі көздің жауын ұрлайтын қып-қызыл алмаларды талай ұстай алып, құмарлана жегенбіз. Қазіргідей микроб жұғады, ауырып қаламыз-ау деген ой мүлде жоқ, ашық суда ағып бара жатқан алманы жей салатынымыз бүгінде қызық көрінеді. Ол бір алаңсыз бақытты күндер еді ғой.

Ауасы таза, Алатауы асқақ қалада шығарма­шылығымның алғашқы жетістігін көрдім. Жиырма бес қабатты «Қазақстан» қонақүйіне 100 шаршы метр гобелен тоқыдық. Небір көрмелер аштым. Жаңа достар таптым. Бүкіл шығармашылығымның жаңалығы осы шаһарда өмірге келді. Отбасылы болдым, балаларым дүние есігін ашты. Сондықтан да бұл қаламен бүкіл ғұмырым байланысты.

Астанаға көшемін деп қанша оқталғаныммен, Алматыны қимадым. Шет  елде де тұрып көрдім. Түркияда бес жыл тұрып, жемісті жұмыс істедім. Үлкен көрмелер аштым. Ол жақта маған ерте­гідегідей жағдай жасалды. Бірақ бәрібір Алматымды сағынып, бәрін тастап, қалама оралдым. Түркиядан оралған күні ертеңіне, Алматымды сағынғаным соншалық, көшелерін сағаттап құр аралап жүре беріппін ғой.

Алматыға арнап 2010 жылы «Алматы» деген шығарма (кескіндеме)  салдым. Онда  апорт алма, әсем қаланың көрікті ғимараттары Алатау аясында бейнеленген. Ендігі жерде сол туындымды гобеленге айналдыру ойымда бар. Жалпы, байқасаңыз, көптеген шығармамда қызыл алма бейнеленген. Өйткені, алма – берекенің символы. Қазақтың дастарқанын салғанда алма қоюды жаным қалап тұрады. Қазақтың дастарқанындай бай мол­шылықты еш елден кездестірмедім.

 

***

– ӘРИНЕ, бұрынғы  Алматы сағынышқа айналды. Ал бүгінгі жаңарған Алматы  шалқар шабыт сыйлайды. Жақында Абай даңғылымен әдейілеп жаяу, ұзақ жүргенім бар. Жүргіншілерге арналған жолдар қандай әдемі жасалған десеңші. Кеңейген. Тынысың ашыла түсетіндей. Субұр­қақтар да көшеге ерекше сән беріп тұр. Демалып отыратын орындықтар да заманауи үлгіде, қолайлы. Жерасты өткелдеріндегі жаңару да көңілімнен шықты, тап-таза. Әсіресе, күй ойнап тұратынына қуандым. Жүрегіңе тыныштық сыйлайтындай. Қала тұрғындарына осындай әдемі атмосфера туғызған қала әкімі Бауыржан Байбекке ризашылық  білдіремін.

Мен айналамнан сұлулықты ғана көргім келеді. Өмір бойы сол сұлулықтан шабыт алып келемін. Үйде де жүрек қылын шертер музыкаларды тыңдап шабыт шақырамын. Сондықтан өзім тұратын қала жаңарса, сұлуланса, көгерсе, гүлге оранса, жаным қуанады. Қаланың дамуындағы оң бастамаларға қуаныштымын.

Гобеленмен өмір бойы айналыстым. Ендігі жерде кескіндемемен айналысқым келеді. Портреттер салғанды ұнатамын. Бояуларды ойнатып түрлі композициялар салғым келеді. Мен арманшыл адаммын. Менің шабытым тек әдемілікпен байланысты. Сондықтан бұл орайда маған сүйікті Алматым да көмекке келеді деп ойлаймын.

Былтыр Астанада, ЭКСПО шеңберінде көрмем өткен. Енді жаңа туындыларымның басын қосып Алматыда үлкен көрмемді өткізгім келеді. Сөйтіп, Алматыма да есеп беріп қойғым келеді.

 

***

– АЛМАТЫМНЫҢ шамшырағы іспеттес «Алматы ақшамы» газеті – қала өмірінің шежіресін қаттаушы абыройлы үлкен басылым. Қаланың бүкіл тыныс-тіршілігін, алматылықтардың өмірін оқырманға жеткізуші алтын көпір. Орда бұзар жасқа келген басылымның беделі айрықша.

Газет оқырманға  өте керек. Газет ұжымын…Кешкілік жаңбыр басталса, «түнімен тоқтамай жауып шықса екен» деп іштей тілеуші едім. Себебі, түнімен үздіксіз жауған жаңбырдың екпініне шыдас бермеген қып-қызыл алмалар жапырағынан үзіліп түсіп, таңертең жер бетінде төгіліп жата­тын.

    …Астанаға көшемін деп қанша оқталғаныммен, Алматыны қимадым. Шет  елде де тұрып көрдім. Түркияда бес жыл тұрып, жемісті жұмыс істедім. Үлкен көрмелер аштым. Ол жақта маған ертегідегідей жағдай жасалды. Бірақ бәрібір Алматымды сағынып, бәрін тастап, жаныма жақын қалама оралдым.

    …Ой еңбегімен айналысу оңай емес. Газет, әсіресе, өнер адамдарын насихаттауға көп көңіл бөледі. Өнер адамдарының сырын, жырын жазады. Онсыз да бүгінгідей заманда «атып кетті, шауып тастапты, өртке оранды» деп келетін ақпараттарды толассыз төпелеп беретін басылым­дар аз емес. Ал өнерден оқырман әлденеді. Газеттегі «Тұлғатану», «Сағындырған саңлақтар», «Руха­ният» айдарларын оқып тұрамын. үлкен тойымен құттықтаймын. 30 жыл – нағыз жалынды шағы.Газеттегі қаламгер қауымға алғы­сым шексіз. Бәріне шығарма­шылық табыс тілеймін. Еңбектері жансын. Ой еңбегімен айналысу оңай емес. Газет, әсіресе, өнер адамдарын насихаттауға көп көңіл бөледі. Өнер адамдарының сырын, жырын жазады. Онсыз да бүгінгідей заманда «атып кетті, шауып тастапты, өртке оранды» деп келетін ақпараттарды толассыз төпелеп бере­тін басылымдар аз емес. Ал өнерден оқырман әлденеді. Газет­тегі «Тұл­ғатану», «Сағындырған саң­лақтар» , «Руханият» айдарларын оқып тұра­мын. Басылымның тізгінін Қали Сәрсенбайдай өнерді бағалай­тын азаматтың ұстап отырғаны қуантады.Кеше ғана өзім туып, өскен  Меркі ауданының 90 жылдық тойына аудан әкімі Мейірхан Өмірбековтің арнайы шақыруымен барып қайттым. Меркі – қасиетті топырақ. Шығармашылығым сол топырақтан нәр алған. Бала күнімде әр көктем сайын құрбы­ларыммен қызғалдақ теруге шығатын­мын. Кешкілік жаңбыр басталса, «түнімен тоқтамай жауып шықса екен» деп іштей тілеуші едім. Себебі, түнімен үздіксіз жауған жаңбырдың екпініне шыдас бермеген қып-қызыл алмалар жапырағынан үзіліп түсіп, таңертең жер бетінде төгіліп жататын. Бейнебір аяқ астына алқызыл кілем төсеп тастағандай әсерде қалушы едім. Міне, бай­қадыңыз ба, тағы да алмаға ауысып кеттім. Бір қызығы, той біткен шақта Алматыға жеткенше асықтым. Өйткені, бұл – менің Алматым!

Сұхбаттасқан – Нұржамал ӘЛІШЕВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *