Алланың көркем есімдері арқылы дұға қылыңыз

Әл-Мәлик (Патша, билік Иесі)

Алла бәрінен де биік, Хақиқи Патша! Одан басқа Құдай жоқ. Ол – ардақты аршының Иесі. (Мүминун сүресі, 116-аят.)

Осы есімді түс ауғаннан кейін көп мәрте қайталаған пенде ақшаға деген тәуелділіктен құтылады.

Әбу Һурайрадан жеткен (р.а.) риуаятта пайғамбар (с.а.с) төсегіне жатарда: «Уа, Алла! Аспандардың Иесі! Жердің Иесі! Ұлы аршының Иесі! Раббымыз! Барлық нәрселердің Иесі! Дәнек пен өзекті жарушы! Тәуратты, Інжілді һәм Фурқанды (Құранды) түсіруші! Өзің кекілінен суырып тартып алатын барлық жамандықтардан Өзіңмен сақтанамын! Уа, Алла! Сен – Біріншісің, Сенен бұрын ештеңе болған емес! Сен – Соңғысың, Сенен кейін ештеңе жоқ! Сен – Жоғарысың, Сенен жоғары ештеңе жоқ! Сен – Төменсің, Сенен төмен ештеңе де жоқ! Бізді қарыздан арылтып, кедейліктен құтқар!» – дейтін болған!

Шал ақынның дұғасы:

Құдая, құдіретіңмен сақтағайсың,

Хақ деген пендең болса тастамайсың,

Су құйса төгілмейтін боз жорғаның

Аяғын аңдаусызда қақпағайсың.

Құдая, жаманыңмен теңді қылма,

Құрбымнан өзім теңді кемді қылма.

Жаратқан барша жанды пәруардігер,

Өзімдей пенделерге пенде қылма.

 

Бүгінгі хадис:

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.с): Иман жетпістен не алпыстан астам тармақтан (дәрежеден) тұрады. Ең абзалы – «лә иләһә иллал­лаһу» деп айту. Ең төменгі дәрежесіне жол үстін­дегі адамдарға кедергі келтіретін тосқауыл-бөгесіндерді жою жатады. Ар-ұят та иман­ның бір тармағы», – деп айтты делінген.

Әсел ДАҒЖАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *