АЛЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІ АРҚЫЛЫ ДҰҒА ҚЫЛЫҢЫЗ

Әли (р.а.) таратқан риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) «Мен саған егер оларды айтсаң, тіпті бұрын күнәң кешірілген болса да, Алла күнәларыңды тағы да кешіретін сөздерді үйретейін бе? Асқақ әрі Ұлы Алладан басқа Құдай жоқ. Мүләйім һәм Жомарт Алладан басқа Құдай жоқ. Алладан басқа Құдай жоқ, жеті көктің Иесі, ұлы Аршының Иесі Алла пәк. Мадақ әлемдердің иесі Аллаға тән!» деп айт деген.

Өткен жолы біз Алланың көркем есімдері арқылы дұға қылыңыз атты жаңа айдар бастаған болатынбыз. Бұл айдар бойынша Жаратушының көркем есімдерін мағынасымен береміз.

 

Ар-Рахман (Аса рахымды, Аса мейірімді)

Мейірім-рахымы бүкіл әлемдерді – дүние мен ақыретті, күллі жаратылысты, мұсылманды да, кәпірді де қамтушы.

«Құдайларың – бір Құдай, Одан өзге Құдай жоқ, Ол – Аса рақымды әрі Ерекше мейірімді» (Бақара, 163)

Бұл есімді көп қайталау адамның есте сақтау қабілетін жақсартып, жүректегі қаты­гездікті жояды. Әрбір намаздан кейін 100 рет қайталаса, дінге деген салғырттықтан арылады.

 

Бүгінгі дұға:

Мойныңызда  таудай қарызыңыз болса да, Алла Тағала одан құтылуға жәрдем беретін дұға: «Аллаһуммә икфини бихаләликә ан харамикә, уә ағнини бифадликә аммән сиуәкә». (Уа, Алла Тағалам! Арам еткендеріңнен тыйылу үшін маған жеткілікті мөлшерде адал ризы­ғыңнан нәсіп еткейсің. Шексіз рақымың­мен мені  Өзіңнен басқа ешкімге кіріптар ете көрме).

 

Бүгінгі хадис:

Жәбир (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) «Расында, түннің бір уағы бар, қандай да бір мұсылман сол уақытқа тура келіп Алла тағаладан дүниеге және ақыретке қатысты жақсылық сұраса, сұрағанын міндетті түрде береді. Бұл әр түнде де солай болады», – деп айтқанын естідім деген.

 

Әсел ДАҒЖАН.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *