«АЛЛАҺ» ДЕП ЕМЕС, «АЛЛА» ДЕП ЖАЗУ КЕРЕК

2103Діни басқарма жанындағы арнайы Ғұламалар кеңесі осындай пәтуа шығарды

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы «Алла» сөзінің жазылуын нақты­лады. Өйткені, ел ішінде қазақ тілінің үндестік заңы­на қайшы «Аллаһ» деп сөй­леп, «Аллаһ» деп жазу белең алып кеткен.

Осыған орай, биылғы жылды «Дін және дәстүр» жылы деп атаған Діни басқарма жанындағы арнайы Ғұламалар кеңесі «Алла» деп айтып, «Алла» деп жазу керек деген пәтуа шығарды.

Бұған қоса, әртүрлі басы­лымдарда «Хақ Тағала», «Құдай Тағала», «Алла Тағала» деген сөздер де әр түрлі жазылып келген. Алайда Алла есімдеріне қосарлана жазылатын «тағала» сөзі бірде кіші әріппен жазылса, енді бірде бас әріппен берілетін. Бұдан былай, «Тағала» сөзі мін­детті түрде бас әріппен жазы­латын болып белгіленді. Бұл сөздер қоғам ішіндегі ұзақ жылғы принципті дауға нүкте қою үшін нақтыланып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *