Аллаға мiнәжат, пайғамбарға салауат

Екi дүниенiң ардақтысы, адамзаттың асылы, салмақтысы Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған айы құрметiндегi мәулiт мерекесiн атап өту жер-жерде одан әрi жалғасып жатыр. Мәулiт мерекесi араб елдерiнде үш ай бойы тойланады екен.

Алматыдағы Бизнес орталығының мейрамханасында Мағрипа қажы Cмағұлқызы алматылықтардың басын қосып, мәулiт мерекесiн өткiздi. Жиынды Қазақстан мұсылмандары Дiни басқармасының баспасөз хатшысы, республикалық «Иман» журналының бас редакторы Оңғар қажы Өмiрбек жүргiздi. Дiни басқарма имамдары мен «Нұр-Мүбарак» университетiнiң оқытушылары, Әбдiрәйiм Халифа Алтайұлы Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелi өмiр жолы мен хадистерiн саралап айтып, дiни уағыз айтты. Мағрипа қажы Смағұлқызы мәулiт мерекесiне қатысқан алматылықтардың Алла-Тағала жүрегiн нұрландырып, қасиеттi Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шынайы үмметi болуды нәсiп етсiн деген аналық ақ тiлегiн жеткiздi.

«Құран Кәрiмнiң» параларын арабша транскрипциясы мен қазақша мағынасын Бақытбек Рымбекұлы мен Мағрипа қажы Смағұлқызының демеушiлiгiмен шығарған Сәуле қажы Бекенқызы мен Асқар қажы Нұрымбеттiң кiтабы таратылды.

Сәуле Бекенқызы Алматы халық шаруашылығы институтының түлегi, мамандығы инженер-экономист. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейiн Ислам дiнiне бiржола бет бұрған. Қасиеттi қажылық сапарға тоғыз рет барып қайтқан.

Ө.ӨТЕУЛIҰЛЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *