ҚАЛДЫҚ ӨТКІЗІП, ҚАРЖЫ ТАБУҒА БОЛАДЫ

Қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды апарып өткізсеңіз, 1 келісіне 5 теңгеден бастап 30 теңгеге дейін төленеді

Күнделікті тұрмыста тұтынатын заттарымыздан міндетті түрде қалдықтар қалады. Осынау қоғамда түрлі деңгейдегі адамдар өмір сүретіні де анық. Олардың ішінде бірқатары әлгіндей тұрмыстық қалдықтарын арнайы жәшіктерге апарып салып жатса, кейбірі жүрген жеріне лақтырып кете береді. Өкінішті, әрине. Айналамыз қоқысқа толып, ретсіз шашылып жатса, ол біздің көңіл күйімізге де, денсаулығымызға да кері әсер етеді. Ал жан-жағымыз тап-таза, жинақы болса, ол да әр күніміздің шуақты болуына өз үлесін қосатыны анық.

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Алматы қалалық Жасыл экономика бас­қармасы шаһардың тазалығын сақтау мақ­сатында қайта өңдеуге жататын пластик, шы­ны, қағаз қалдықтарын қабылдайтын 23 пункт ашқан болатын. Биылғы 5 айдың ішінде 1200 тонна қайталама шикізат жиналған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 3000 тоннаға жетеді деген болжам бар.

Жоғарыда аталған қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды апарып өткіз­сеңіз, 1 келісіне 5 теңгеден бастап 30 тең­геге дейін төленеді.

Осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2015 жылы осындай қайта өңдеуге жататын тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын 6 пункт ашылған болатын. Олардың әрқайсында бір жылда 240 тоннадан шикізат жиналған. Ал қазіргі таңда 23 пунктке жетіп, қатары өскен арнайы орындардың әрқайсы айына 10 тоннадан жоғары қайталама шикізат жинап отыр. Бұл көрсеткіш тұрғындардың қала тазалығына бұрынғыдан да көбірек мән бере бастаған­дығын және адамдардың мәдениеті де жоғарылай түскендігін білдірсе керек.

Қалалық Жасыл экономика басқар­масының мамандары мұндай пункттердің қатары әлі де көбейетінін айтып отыр.

Назарларыңызға қайта өңдеуге жата­тын тұрмыстық қалдықтарды қабыл­дайтын арнайы орындардың мекен-жайын ұсына кетейік: «Алғабас» шағынауданы («Ал­маты Аренаға» қарама-қарсы); Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысы («Мұрагер» дүкені); Рысқұлов даңғылы, Емцов пен Тілендиев көшелерінің арасы («Үшқұдық» кафесінің алды); «Зерделі» шағынауданы («Алғабас-6»), Төле би мен Мирзоян көше­лерінің қиылысы («Стрела» дүкенінің жаны); 8-шағынаудан, 29-үй; 4-шағынаудан, 22-үй («Сарыарқа» кино­театрының жаны); «METRO» сауда үйі; «Мамыр-1» шағынауданы («Спутник» СОО); «Ақсай-3 В»; Тимирязев көшесі, 81, Әуезов көшесінің қиылысы; «Ай­набұлақ-3» шағын­ауданы; Мақатаев көшесі-119; «Көкжиек» шағынауданы, 35-үй; «Құла­гер» шағынауданы (Омаров көшесі-23 «А»); Райым­бек даңғылы, 245 («Максима» СОО); «Думан-2»; Пушкин көшесі, 50, Жолдас­беков пен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысы, «Түркістан» СО; «Қалқаман» шағынауданы (№1 қалалық клиникалық ауруханасы); «Қалқаман» шағынауданы (№157 мектеп); «Жұлдыз-2» шағынауданы, 30-үй; «Жасқанат» шағын­ауданы (Байма­ғамбетов көшесі).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *