Алдымен әлеуметтік жағдай шешілуі керек

Рая ЕСКЕНДІР

 

Жетісу ауданының тұрғындары №109 мектептің мәжіліс залына жиналып, қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдай­бергенмен кездесуге асықты. Кездесуде мәслихат депутаты «Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасын» жан-жақты талқылап, түсіндіріп берді.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы наурыз айында ел игілігіне бағытталған, әлеуметтік маңызы зор жобаны ұсынғаны белгілі. Бұл өздеріңізге таныс «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы». Бесеуі де өте күрделі. Бірінші бастаманың мақсаты – әрбір отбасына баспана алудың мүмкіндіктерін беру болса, бұл бағытта баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасалып жатыр. Келесі бастаманың да маңызы өте зор. Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту керек деген Қайрат Құдай­берген жоғары білім беру, жеңілдікті несие беру және кәсіпкерлікті дамыту, адами капиталдың сапасын жақсарту, қоғамды жаңғырту сынды қадау-қадау мәселелер төңірегінде әңгімеледі.

Кездесуге қатысушылардың дені педагогтар болғандықтан Мемлекет басшысының білім беру сапасы мен студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, білім беру технологиясындағы процестерді жандандыру бағытындағы қолға алып, атқарылып жатқан жұмыс­тармен де таныстыра отырды.

Сонымен қатар, депутат тұрғындардан «Іnstagrams», «Facebook» әлеуметтік желілері мен «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөліміне келіп түскен сауалдарды үнемі басты назарда ұстайты­нын айтып, осы реттегі жүргізілген жұмыстарға да тоқталды.

Кездесу модераторы №109 мектеп басшысы Гүлнар Төлекова педагогикалық ұжым мен тұрғындар атынан мәслихат депутатына алғыс білдіріп,  кездесуге келгеніне ризашылығын білдірді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *