Алатауда Наурыз тойы тойланды

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз Қазақстанда мемлекеттік мереке. Түркі дүниесінің төл мерекесі, жыл басы Наурыз мерекесі кең байтақ Қазақстанда жыл сайын ерекше тойланады. Ұлық мереке еліміздің ең үлкен мегаполисіне де келді. Наурыз мерекесі Алматының ең жас Алатау ауданында да айрықша тойланды.

Нұрлан СҮЙІН

Наурыз тойын аудан әкімі Б.Мә­нізоров құттықтау сөзімен ашып берді. Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Алатау ауданының кураторы Ю.В.Ильин Алатау тұрғындарына шањар басшы­лығының құттықтауын жеткізді. Кон­церттік бағдарламадан соң аудан басшы­лығы киіз үйлерді аралап, наурыз дас­тархандарынан дәм татты. Әр дастархан­ның тағамы мен наурызкөжесі өзінше ерекшеленіп тұрды.

Оңтүстік астананың ең қазақи Алатау ауданында Наурыз тойы шын мәнінде ұлттық, халықтық реңдегі мереке болды. Алматының даму болашағына айналған Алатау ауданының халқы еңбекте де, мерекеде де алдыңғы қатарда болатыны анық.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *