Алатауда  қарияларға қамқорлық көрсетіледі

dsc_0703%d0%b2

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Қарттарды құрмет­темейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпе­йілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!  Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ қарттықтың да  өзінің сәні мен мәні бар. 

Ал ұрпақтың  ата-ана   алдын­дағы  борышын өтеу үшін жасап жатқан  ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнет­керлерге жағдай  жасалуда. Пре­зи­­дентіміздің  жыл   сайынғы  ха­лыққа Жолдауында  арнайы қара­лып, оларға қамқорлық ел эко­номикасының өсімімен қатар өсіп келеді.

Соның бір дәлелі, «Арда­герлерді ардақтайық» партиялық жобасы мен «Қарттарым, аман-саумысың?» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының қызмет­керлері, аудандық филиал жа­нын­дағы «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл қызметкерлері мен жалғыз­басты қариялардың үйіне барып, хал-ахуалдарын сұрап қайтты. Іс-шараның негізгі мақсаты – қарттары­мыздың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеу, белгілі бір қажеттіліктері болса, әлеуметтік карталарын толық­тыру арқылы соның шешілуіне жағдай жасау. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының ардагері Кашкаров Виктор Степанович пен Тыл еңбеккерлері Кашкарова Галина Алексан­дровна, Абылаева Күләйша аталарымыз бен апала­ры­мыздың шаңырағында болып, сұхбат жүргізді. Ардагер­леріміз өздері­нің бастарынан өткен соғыс жылдарындағы естеліктерін, соғыстан кейінгі қызықтары мен қиыншылықтарын айтып, бүгінгі бейбіт өмір үшін сол кісілерге қарыздар екенімізді тағы бір білдіріп кетті. Кездесу соңында қарттары­мыз филиал қызмет­керлері мен жастарымызға өз тараптарынан көрсетілген қам­қорлықтары үшін алғыс білдіріп, батасын берді.

Қорыта айтсақ, бұл бастама әлі де жалғасып, көмекке мұқтаж қарияларымыз ешқашан назардан тыс қалмайтынына сеніміміз мол.

 

Қордай ЕСЕНБЕК,

Алатау ауданы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *