Алатауда  «Алтын той»

Алатау аудандық АХАТ бөлімі ауданымыздың аса құрметті де қадірлі қариялары Қасен Шалабайұлы мен Қайкен Мұқаш­қызының отбасын құрып, шаңырақ көтергеніне 50 жыл толған «Алтын» тойла­рымен құттықтады. Оларға Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы Б.Қар­сақ­баеваның құттықтау хатын табыс етті.

Қасен Шалабайұлы еңбек жолын 1965 жылдан бастап, бүгінде Алматы қаласы­ның шекарасына өтіп кеткен Ақсай округінің әкімі лауазымына дейін көте­ріледі. Осы ерен еңбегі үшін «Қара­сай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Өмірлік серігі Қайкен Мұқашқызы 40 жыл бойы ұстаздық етіп, еңбек жолында көптеген жетістіктерге жет­кен жан. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері»  атағы бар. Мұғалімдер съезіне делегат болған ұлағатты ұстаз қазіргі уақытта құрметті демалыста. Қасен Шалабайұлы екеуі бес баланы тәрбиелеп өсіріп, олардан немере-шөбере сүйіп отырған жәйі бар.

Қасен аға әлі де қоғамдық еңбек­тен қол үзген жоқ. Алатау ауданы, «Алғабас» ықшамауданы ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы, өнегелі қария.

 

Балжан ШАУЕ, 

Алатау аудандық әкімдігінің қызметкері.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close