АЛАТАУ ЖӘНЕ ТҮРКСІБ АУДАНДАРЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМДЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қала әкімі Б.Сағынтаев Прези­денттік жастар кадрлар резервінен аудандардың әкімдерін тағайындады.

Алматы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері болып Азамат Қалдыбеков және Бақытжан Ақжаров тағайын­далды.

Аудандардың жаңа әкімдерін таныс­тырған Алматы қаласының әкімі Бақыт­жан Сағынтаев олардың Прези­денттік жастар кадрлары резервінің өкілдері екенін атап көрсетті.

«Мемлекет басшысының дарынды жас­тар үшін ашық және тиімді әлеумет­тік лифт құру жөніндегі идеясы іске асуда. Алматыдан резервтер қатарына 39 адам енді. Бүгінгі кан­ди­даттар – аудандар әкімдері болып қызмет атқаруға барынша дайын­дықтан өткендер. Біз олардан аталған аудандарда тұратын алматы­лықтардың өмір сүру сапа­сын жақсартуда нәтижелі жұмыстарды күтеміз», — деп атап өтті Алматы қаласы­ның әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Алатау ауданының жаңа әкімі Аза­мат Қалдыбеков бүгінгі күнге дейін Алматы қала­сы жер қатынастары бас­қар­масы бас­шысының орынбасары лауа­зымында болды. Түрксіб ауданына әкім болып таға­йындалған Бақыт­жан Ақжаров Алматы тұр­ғын үй саясаты басқарма­сының басшысы қызметін атқарды.

Алатау және Түрксіб аудандарының бұрынғы әкімдері Ш.Рыспаев пен П.Ку­лагин өз еріктерімен өтініш берулеріне сәйкес қызметтерінен босатылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *