Алатау тойына аудан мектептерінің тартуы

Білім мекемелерінің жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі міндеті – барлық оқу-тәрбие сатыларына байланысты ұстаз-тәрбиешілердің, ата-аналардың мектеп өміріне қызығу­шылық, өзара әрекеттестік пен ықпалдастықты пайдалана отырып, нақты жүйе жасау болып табылады. Ауданымызда 25 мектеп орналасқан. Республика, қала, аудан көлемінде күнделікті оқушылар арасында іс-шаралар өткізіліп отыр.

Осы іс-шараларға ауданның барлық мектептері белсене атсалы­сады. Атап айтар болсақ, №156 жал­пы білім беретін мектепте «Мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізудің жүйесі», №149 мектепте «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде тәрбие мазмұнын жаңарту аясында «Тәрбие мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогика­лық ұжымның тәрбиелеу үдерісін жетілдіру» атты республикалық семинарлар, №26 мектепте ҚР Рәміздер күніне арналған «Елтаңба, Ту, Әнұран – тірегіміз, туған ел деп соғады жүрегіміз» тақырыбында аудандық іс-шара өткізілді. Соны­мен қатар, «Қазақстан-2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Мен және отбасым» атты «Отбасылар» арасында өткен эстафеталық спорттық ойындар марафонына ауданымыздың бар­лық мектептері белсене қатысты. Аудан­дағы №152 мектеп-гимна­зиясында да патриоттық тәрбиеге ерекше мән беріледі. Осыған байланысты мектепте «Даңқ бұрышы» ұйым­дастырылған. Оқу­шылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Қазақстанның» қасиетті рухани құндылықтары жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатысуымен «Беу, туған жер, бас ием» тақырыбында іс-шара өткізіп, оқушылар қазақ елін, жерін қорғаған Томирис ханшайымды, батыр бабаларымыздың рөлін ерекше патриоттық сезіммен сахна­лады. №182 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасы халықтары достығын насихаттайтын «Ұлттар достығы – ұлы қорған» атты фестиваль аудан көлемінде өткізілді. Елімізде достық­ты ту етіп жүрген ұлт өкілдері өздерінің ұлттық құндылық­тарын дәріптеді. №180 мектепте Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқар­масының қолдауымен «Әлеу­меттік маңызы бар жобаларды іске асыру орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарла­масы аясында тарихшы ғалымдармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешке Ахмет Байтұрсынов атамыз­дың туған жиені Айман Қабиден­қызы, тарихшы ғалым Ғани Меңлі­баев келді. Кездесуге мұрындық болған Берік Ағыбаевқа оқушы­лардың алғысы шексіз. «Нұр Отан» партиясы жанындағы Алатау аудан­дық «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы – Әсем Жақанова, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының қызметкері Ермек Серікұлы, «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төр­ағасының бірінші орынбасары Мұханқали Алмасаев қатысты. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында №184 мектепте Тілдер мерекесі күніне орай, Алатау дәстүрлі мульти­медиалық театрында «Ұлы көштің дарабозы» атты тақырыпта Қазақ­станның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовпен кездесу кеші өтті. Абдолла Қарсақ­баев­тың туған күні­не орай №41 А.Қарсақбаев атындағы мектепте «Ұлттық кино­ның мақта­нышы» тақырыбында қала көлемінде іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

Алатау ауданның құрылғанына 10 жыл толуына орай, ауданы­мыздың барлық білім беру мекеме­лерінде «Жайнай бер, Алатауым!», «Менің Алатауым – менің мақтаны­шым!» тақырыптарында спорттық-мәдени іс-шаралар өткізілуде. Осындай игі шараларды ұйымдас­тыруда, жоғары деңгейде өткізілуіне ауданның Білім беру бөлімінің басшысы А.Қасым­бекова ұйытқы болып, тікелей басшылық етіп отыр.

 

Гүлбану НҰРӘБІЛОВА,

Ұлжалғас АҚӘДІЛОВА,

№182 мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *