«АЛАТАУ» ШИПАЖАЙЫНДА ӨТКЕН «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» САБАҚТАРЫ

Балаларға арналған «Алатау»  шипажайында ем алып қана қоймай, демалып жатқан  республиканың түкпір-түкпірінен  келген  балалар, Алматыдағы аға-апаларымен бірлесіп, «Рухани жаңғыру» күнін өткізді. Бұл шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты негізінде «Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» тақырыбындағы жобасы аясында өтті.

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Балалар бұл күнді «Мен рухани жаң­ғыруды қалай түсінемін?» тақырыбында шығарма жазудан бастап, осы арқылы «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының мақсаты туралы ойларын ортаға салып, мән-маңызын түсінді.  Рухани жаңғыру сабақтары «Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» атты кездесуге ұласып,  балалар этнограф-зерттеуші Баяхмет Жұмабайұлы, Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф, жазушы Болат Бопайұлы, Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Ильхам» сыйлығының иегері, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі прези­диумының мүшесі Майра Сағымбекова, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің Достық үйі Медиация кабинетінің жетек­шісі Нұрсәуле Әлтекова, «Орта Азия және Қазақстан отбасы институты» жекеменшік мекемесінің директоры Акбота Базарбаева және тағы басқа  ҮЕҰ басшы­лары мен қоғам белсенділерінің «Қазақ­тану»,  «Өзгерісті өзіңнен баста» тақыры­бында мәдени-ағартушылық, тәлім-тәрбиеге толы әңгімелерін  тыңдады.

Этнограф, жазушы Болат Бопайұлы   «Біз сіздерге бала деп емес, дана деп қарай­мыз. Сондықтан айтып жатқан әңгіме­лерімізден көп дүниені саналарыңызға сіңірерсіздер деп үміттенеміз» деп балаларды өз деңгейлерінде әңгімеге тартса, этнограф-зерттеуші, жазушы Баяхмет Жұмабайұлы балалармен бірге ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарды ойнап көрсетті. Қоғам қайраткері Майра Сағымбекова «Рухани жаңғырудың» мән-маңызындағы бүгінгі ұрпақ,  еліміздің ертеңі – балалардың рөліне тоқталды. Нұрсәуле Әлтекова әңгімесін татулық, достық тақырыбында өрбітсе, Ақбота Базарбаева, ақын Ләззат Игісін лек­циясын отбасы тәрбиесімен ұштас­тырды. Ал ақын Дәулетбек Байтұрсынның қазақ тарихымен байланыстыра оқыған  дәрісі  балалардың қызығушылығын арттырды.

Тыңдаған  дәрістерін  викториналық ойындар арқылы пысықтап, балалардың кітап оқуға деген ынталарын арттыру мақсатында өткен «Кітап – біздің досы­мыз» тақырыбындағы «Букдайтинг» шара­сы да  шипажайда демалып жатқан бала­лардың көңілінен шықты. Шараға қатыс­қан жазушы-этнограф Баяхмет Жұма­байұлы өзінің этнографиялық-танымдық және балаларға арналған кітаптарымен  таныстырды. Мұнан кейін  шипажайдың кітапхана қорына кітап сыйлаған «Бук­кроссинг» шаралары балалардың қызы­ғушылығын  арттырып, шараларға белсене араласуға жетеледі.

«Таланттарды таныту» шарасында өнер көрсеткен Қадырмолдаевтар отбасының  өнері, қатарластарының құрметі мен қошеметіне  бөленді. «Ауылдың алты аузы» дәстүрімен   балалар да өз өнерлерін ортаға салды.

«Рухани жаңғыру» сабақтары  «Азамат­тарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­порациясы Алматы қаласы филиалы қызметкерлерінің қатысуымен өткен «Цифрлан! Трендте бол!» акциясымен жалғасты. Балалар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жайлы мағлұмат алып, смартфон арқылы Телеграм-бот қосым­шасымен жұмыс істеуді үйренді. «Телефон арқылы да 25 мемлекеттік қызметтер мен анықтамалар алуға болатынын білдім, енді  үйренгендерімді ата-анама, достарыма үйретемін.Таратылған парақшалар мен буклеттерде де онлайн қызметтерді алу жолдары туралы көп мағлұмат бар екен», – дейді «Алатау» шипажайында  демалып жатқан  Айнұр Асанова.

Шипажайда өткен  «Рухани жаңғыру» күні жайлы  сауықтыру мекемесінің дирек­торы Қаншайым Мұсаева ризашы­лықпен оң пікірін білдірді. «Бүгін арамызға келіп, балалармен ой бөлісіп жатқан ақпараттық топ өкілдеріне алғысым шексіз. Балалар шын мәнінде рухани байып, болашаққа бағдар болар біліммен қаруланды. Сана­ларында сілкініс  пайда болды деп айтуға болады. Жас ұрпаққа тәрбиелік мәні зор мұндай шаралар керек-ақ. Сіздерді алдағы ауысымдарда да күтеміз», –  деді.

Ақпараттық топтың  да ең басты мақ­саты сол,  жас  ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырып, оны жүйелі түрде жүзеге асыруға  үлес қосу.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *