«АЛАТАУ» БАЗАРЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ АШЫЛДЫ

77Балнұр АХМЕТ

Алматыда «Алатау» базарының орнында заманауи сауда орталығы тұрғызылды. Барлық заманауи талап­тарға сай салынған жаңа кешенді қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов аралап көрді. Елбасы Жолдауына орай қаладағы базарлар сүріліп, көтерме сауда орындары көбей­тілуде. Мегаполис аумағында орналасқан базарлар мен сауда-саттық орындары келесі жылдан бастап соңғы үлгіде өзгертілмек. Олар­дың сәулеті жағынан қала көркіне сай болуы қатаң қадағаланбақ. Нысандар өрт қауіпсіздігі мен сейсмикалық тұрақ­тылықпен қамтамасыз етіліп, сани­тарлық талаптарға сәйкес болуы шарт.

– Бүгінгі таңда жалпы аумағы 7200 шаршы метрді құрайтын сауда ке­шенінің 2 бөлігі ашылды. Алдағы уа­қытта тағы 6 бөлігін ашу жоспарлануда. Жаңа сауда орталығы барлық заманауи талаптарға сәйкес салынған. Мұнда  жарық, жылу мен қауіпсіздік жағынан барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, мұнда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустар мен лифтілер орнатылған. Сауда кешені алдында 500-700 темір тұлпар сиятын авто­тұрақ бар. Сонымен қатар, санитар­лық-гигиена­лық талаптарға сай асхана салыну жоспарлануда. Қазіргі уақытта мұнда мың адам саудамен айналысуда, – деді   «Ала­тау» көтерме-бөлшек сауда орталығы ди­рек­торының орынба­сары Берік Ғабдул­лин.

Заманауи жаңа сауда кешені бала-шағасына нәпақа тауып отырған сауда­герлердің көңілінен шығатындығын айта кеткен абзал.

– Он бес жылдан бері осы базарда саудамен айналысып келемін. Әдетте ашық аспан астындағы базарларда қыста суық, жазда ыстық болатын. Шынын айтқанда, бұрын далада тұрып сауда жасау қиын еді. Қарапайым жайма орнынан бүгін, міне, барлық жағдай жасалған үлкен сауда ке­шеніне айналған орталықта сауда-саттық­пен айналысатынымызға қуаныштымыз. Қыста тоңбайтындықтан, жазда ыстық­тамайтындықтан, енді сатып алушы­ларға да ыңғайлы болды. Жаңа зама­науи сауда орталығы кәсіпкерлердің де, сатып алушы адамдардың да көңілінен шығады, – деді кәсіпкер Фархат Мир­сакиев.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *