АЛАТАУ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТКЕ 26 МЛРД. ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСІРДІ

%d1%80%d1%8b%d1%81%d0%bf%d0%b0%d0%b5%d0%b2

Нұрлан СҮЙІН

Өңірлік коммуникациялар қызметі орталы­ғында Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Ш.Рыспаевтың «Әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелері. Аудан орталықтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді. Брифингке респуб­ликалық БАҚ өкілдері қатысты.

Баспасөз конференциясы барысында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндама жасады. Бүгінгі күні Алатау ауданында 23 ықшамаудан, жалпы жер аумағы 10 495 гектарды құрайды және халық саны 22 мыңнан асады.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын  насихаттау, түсіндіру бойынша 100-ге жуық іс-шаралар өтті, қамтылған адам саны 6000 адам.

Биылғы жылы «Туған жер» бағдарламасы аясында аудан әкімдігі тарапынан жолданған 3 жоба бекітілген болатын. Олар: дат сәулетшісі Ян Гейлдің тұжырым­дамасына сәйкес, «Саялы», «Алғабас» және «Ақбұлақ» ықшамаудандарында 3 жаяу жүргіншілер аймағының салынуы. Аталған аймақтарға 6 балалар ойындары алаңдары, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 2 ойын алаңдары, 2 футбол және 2 баскетболға арналған алаңдар. Бүгінгі күні бұл жобалар толық жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, «Алғабас» ықшамауданында мемлекеттік-жеке серіктестік бағдарламасы аясында көлемі 7700 шаршы метрді құрайтын 500 орындық жеңіл атлетикалық стадион және аудан бойынша 5 спорт және ойын алаңдары ашылды.

Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен «Рахат-Мәдениет» ықшамауданында 100 орынға арналған балабақшаның құрылысы басталды, «Алатау сити» тұрғын үй кешенінде 350 орындық балабақша салынуда.

Алатау ауданының салық түсімдері 9 жылда 6,5 миллиард теңгеден 26 миллиард теңгеге жетті.

Бүгінгі күні мемлекеттік бюджетке 25 млрд. 735 млн. теңге түсіп, жоспар 95 пайызға орындалды.

Республикалық бюджетке 14 млрд. 790 млн. теңге түсіп, жоспар 87 пайызға орындалды.

Жергілікті бюджетке 10 млрд. 946 млн. теңге түсті, берілген жоспар 109 пайызға орындалды.

9 жылда ауданның өнеркәсіп саласында өндірілген өнімнің көлемі 2,5 миллиардтан 59 млрд. 107 млн. теңгеге жетті, өнеркәсіп саласындағы өнімнің көлемі 104,1 % құрады.

9 жылда ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 100 миллиардқа жетіп, аудан кәсіпорындары мен мекемелерінде 3094 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылдық жоспар 99,8% орындалды, жұмысшылардың орташа еңбекақысы 132 000 теңгені құрады.

Бөлшек тауар айналымы 196 млрд.  теңгені, көтерме тауар айналымы барлық қызмет түрі бойынша 400 млрд. 968 млн. теңгені құрады.

«Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 490 гектар жер аумағын құрайтын Индустриалдық аймақтың құрылысы жүруде. Аталған аймақта тағам, фармацевтика, жеңіл, жиһаз, химия, көлік жасау, құрылыс өнеркәсіптері анықталған.

Бүгінгі күні 40 жоба мақұлданып, нәтижесінде «БРБ АПК» ЖШС-нің көкөніс өсіруге арналған жылыжай кешені салынды. Сондай-ақ, 13 өнеркәсіптің құрылысы жүруде, 2 өнеркәсіптің құрылысы аяқталуда. Олар: қағаз қаптар шығаратын «Алма ПАК ЛТД» ЖШС-ның зауыты және ғимараттардың архитектуралық сыртқы келбетін жасайтын құрылыс материалын шығаратын зауыт.

Биылғы жылы 257 млн. теңгеге 15 аулаға көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындарды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету және электр сапасын арттыру мақсатында, «13-14 аумақ» ықшамаудандарында ұзындығы 11,8 шақырымды құрайтын электр желілері салынуда.

Бүгінгі күні аудандағы бірнеше көшелерде газ құбырлары салынуда. Газ құбырларының ұзындығы 27,3 шақырымды құрайды, бөлінген қаражат сомасы 296 млн. теңге.

Бүгінгі күні Алатау ауданының 13 ықшамауданында ауызсу мен кәріз құбырларын тарту жұмыстары жүр­гізілуде. Олар: «Әйгерім-1, 2», «Қарасу», «Ұлжан-1, 2», «Дархан-Байбесік», «Шаңырақ-1, 2», «Трудовик», «АЗТМ-Алғабас», «14 аумақ», «Ақбұлақ», «Өжет» және «Көк­қайнар» ықшамаудандары.

Құбырлардың жалпы ұзындығы 381 шақырымды құ­райды, оның ішінде ауыз су – 200, 745 шақырым, кәріз – 180,4 шақырым, бюджеттен бөлінген қаражат сомасы 16 млрд. 608 млн. теңгені құрайды.

Аудан бойынша жолдардағы шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні «Ақбұлақ» ықшамауданының шығыс бөлі­гінде ауызсу мен кәріз жүйелерін жүргізу аяқталысымен ұзындығы 7,8 шақырымды құрайтын 14 көшеге асфальт төселді, «АЗТМ» ықшамауданында 3,2 шақырымды құрайтын 7 көшеге асфальт төселді.

Сондай-ақ, «АЗТМ» ықшамауданында ұзындығы 283 метрді құрайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Шаңырақ-2» ықшамаудандағы Әубәкіров көшесінде тротуар салынды.

Алатау ауданы «Нұркент» ықшамауданында 600 орынға арналған жаңа мектеп салынуда, сондай-ақ, ауданның 6 мек­тебіне қосымша ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде. Олар: «Шаңырақ-2» ықшамауданындағы №26 мектепке 1100 орынға қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң аталған мектептің сыйымды­лығы 2100 орындық болады, «Заря Восток» ық­шам­ауда­нындағы №151 мектепке 600 орындық қосымша ғимарат салынуда, «Өжет» ықшамауданындағы №156 мек­тепке 600 орындық, «Теректі» ықшамауданындағы №184 мектепке 600 орындық, «Алғабас» ықшамауданын­дағы №185 мектепке 550 орындық қосымша ғимараттар салыну­да, жалпы бөлінген қаражат сомасы 5 млрд. 265 млн. теңге.

Сонымен қатар, ауданда 4 жаңа балабақшалар салынуда. Олар: «Алғабас» ықшамауданында 120 орындық, «Теректі» ық­шамауданында 120 орындық, «Нұркент» ықшамауданында 320 орындық, «Саялы» ықшамауданында 320 орындық балабақшалар, жалпы бөлінген қаражат сомасы 2 млрд. 781 млн. теңге.

Халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, «Саялы» ықшамауданында 19 көпқабатты, «Нұркент» ықшамауданында 22 көпқабатты тұрғын үйлер салынуда, Момышұлы көшесінің бойында жеке инвестиция есебінен 87 тұрғын үйдің 10-ы салынды, 24 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін «Алғабас» ықшамауданының 11 көшесіне бөлінген 597 млн. теңгеге 2645 метрді құрайтын дренаж жүйелері, 5120 метр арық жүйелері және 184 үйге кіру жолдары салынды.

Сондай-ақ, ұзындығы 5604 метрді, жалпы көлемі 25 244 шаршы метрді құрайтын көшелерге асфальт төселді.

Сонымен қатар, «Теплоэнергетик» және «Энергострои­тель» саяжайларындағы «Қарғалы» өзенінің бойында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 653 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жасалды. Бүгінгі күні «Қарғалы» өзенін тазалау жұмыстары аяқталып, 3096 метрді құрай­тын өзен бойы темірбетонмен күшейтілді, 4150 метрді құрайтын қоршаулар орнатылды, 26 өтпелі көпір салынып, 310 метр арық құбырлары салынды.

2008 жылы аудан құрылған уақытта 16 мектепте 18600 бала оқитын, бүгінгі күні 25 мемлекеттік мектепте және 2 жекеменшік мектепте 39 161 оқушы оқиды, яғни оқушылар саны 20 мыңға өсіп отыр.

Алатау ауданы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден 3 жыл қатарынан қала ау­дандары мен жалпы республика бойынша 1-орынды иеленіп келді. Сонымен қатар, өткен оқу жылында «Алтын белгі» төсбелгісіне 78 үміткердің барлығы білімдерін дәлелдеп, төсбелгі иегері атанды, Үздік аттестатқа 63 оқушы ие болды. Қалалық және республикалық олимпиа­далардан 58 оқушы жеңімпаз атанды.

Бүгінгі күні ауданда 16 мемлекеттік және 70 жеке бала­бақшалар орналасқан.

16 мемлекеттік  балабақшаларда 4093 бала, 70 жеке меншік балабақшаларда 3375 бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік балабақшаларға кезекте тұрған балалар саны 14 029-ды құрап отыр.

2–5 жас аралығындағы балаларды мемлекеттік балабақшаларда қамту үшін жергілікті бюджеттен 560 млн. теңге, «Балапан» бағдарламасы арқылы 874 млн. теңге бөлінді.

Ауданда 6 денсаулық сақтау мекемесі, 5 жекеменшік сауықтыру мекемелері, 42 дәріхана қызмет етеді.

Аудандағы қалалық емханаларда мемлекеттік тапсырыс бойынша 186 630 тұрғын тіркелген.

9 жылда ауданда 4 жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген емханалар салынды. Бір емханаға қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында Атлетикалық ауылда жаңа емхана ашылды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданның денсаулық сақтау жүйесінде оң көрсеткіштер байқалады.

Есептік кезеңде емханаларда 437 362 тұрғынға қызмет көрсетілді.

Туберкулез ауруының алдын алу мақсатында, аудан емханаларында жыл сайын флюорографиялық тексеру өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда 58 724 адам қамтылып, жоспар 89,5 %-ға орындалды.

Жоғары мамандандырылған медици­налық көмек көрсету үшін   емханаларда науқастарды емдеуге бағытталған 197 квота берілді, дүниеге келген сәбилер саны – 4489 баланы құрап отыр.

2016 жылдың 1 қаңтарындағы Қазақ­стан Республикасы «Сәулет, қала құрылыс және құрылыс туралы» Заңға өзгерістер енгізілгенге дейін салынған шамамен 4200 жеке тұрғын үйлерді заңдастыру жұмыс­тары қолға алынған. Бүгінгі күні аудан әкімдігіне 1210 азамат үйлерін заңдас­тыруға өтініш білдірді, оның ішінде 461 құжат әрі қарай заңдастыру үшін сотқа берілді. Жеке тұрғын үйлерді заңдас­тырумен «Кедергісіз баспана» қоғамдық бірлестігі айналысып келеді. Аталған бірлестік заңсыз салынған үйлерді сот арқылы заңдастыру үшін азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Алатау аудандық сотында 173 арыз қарастырылуда, оның ішінде 49 тұрғын үйдің құжаттарын заңдастыру бойынша оң шешім қабылданды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *