АЛАТАУ АРЫСТЫ ҚҰШАҒЫНА АЛДЫ

Алматы-ІІ теміржол бекетінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Динар Нөкетаева, қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова және қала жұртшылығы Арыстан Алматыға келген 75 баланы салтанатты түрде қарсы алды. 

 Рая ЕСКЕНДІР

«Арыс, біз біргеміз!» атты флешмобпен басталған іс-шара барысында кішкентай қонақтар цирк әртістерінің өнерлерін тамашалап, түрлі ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, таң-тамаша күйге енді.

Алматы қаласы әкімінің тікелей ұйымдастыруымен «Өрнек» жазғы сауықтыру орталығында Арыс балалары 12 шілдеден бастап 3 тамызға дейін демалатын болады. Арнайы бағдарлама барысында балалар Көктөбе, Шымбұлақ, Медеу сынды табиғаттың жауһар­ларымен танысып, қаланың көрікті жерлеріне саяхаттайтын болады.

Бұл күні Арыстан келген 75 балаға демеушілер сый-сияпат жасады. Цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов балалардың көңілін көтеріп, өз отбасымен өнер көрсетті. Демалуға келген әрбір баламен психологтар жұмыс жүргізетін болады. Арнайы үш вагонмен келген балалардың да, олардың тәрбиешілерінің де көңілдері көтеріңкі.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Динар Нөкетаева балалардың жақсы демалып, жазғы демалыстарын сәтті өткізулеріне тілектестігін білдірді.

– Алматыға алғашқы 75 демалушы бала келді. Сәтін салса, екінші лекпен тағы 75 бала келетін болады. Осы іс-шараларды ұйымдастыру үшін қала бюджетінен 10 млн. теңге қарастырылды. Киім-кешекпен, басқа да қажеттіліктермен қамтамасыз ететін боламыз, – дейді қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *