Алатауға арай төккен арулар

408№179 мектептің мәжіліс залында Алатау ауданының әкімі Б.Мәнізоров асыл аналарымыз бен әйел азаматтарды 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Салтанатты кеште аналарымызға алтын алқалар табыс етілді. Опера және балет театры әртістерінің мерекелік қойылымдары аруларымызға керемет көңіл сыйлады.

– Жаратылысынан жандары жылуға, жүректері сезімге толы әйел-аналарымыз осы күні де шаңыраққа шырақ, еріне қуат, отбасына шуақ болып отыр. «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі», – деп Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткендей, бір ғана «әйел» ұғымына дөңгеленген дүниенің бар кереметі сыйғандай. Сіздерге дүниенің бар жақсылығын, қуанышы мен шаттығын, деннің саулығы мен ақ көңілдің шуағын тілеймін. Отбасыларыңызға бақ пен береке, әулеттеріңізде тек амандық болсын. Әйел қауымына өз атымнан және Алатау ауданының ер азаматтары атынан алғыс айтамын, – деді өзінің құттықтау сөзінде аудан басшысы Бағдат Мәнізоров.

407Мерекелік шарада аудан әкімі көпбалалы аналарға «Алтын алқа» табыс­тап, ауданның дамуында белсенді қызмет көрсетіп жүрген аруларымызды алғыс хаттармен марапаттады.

Қонақтар Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры бишілерінің, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткерлері – Құралай Сарқытбаева мен халықаралық конкурс­тардың лауреаты Азамат Асқаровтың «Красная Жизель» балетіндегі «Адажио» биін тамашалап, керемет әсер алды.

ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Жастар одағы сыйлығының лауреаты Құдайберген Бекіш пен эстрада әншісі Әсет Сәдуақа­совтар мереке иелеріне арнап ән-шашу тарту етті.

Аналарға арнап мектеп оқушыларымен қатар балабақшадағы 4-5 жастағы бүл­діршіндеріміз де өнер көрсетті.

Бүгінгі күні ауданымыздағы 22 мектеп­тің 18-ін әйел азаматтар басқарып отыр. Жас ұрпаққа тәрбие беруде балабақ­шалардың 9-ын және 5 емхана­мызды әйел азаматтар басқарып келеді. Аудандағы кәсіпкерлік саласында 38 аруымыз түрлі кәсіпорындардың басшысы.

Мерекеге шақырылған аналар мен қыз-келіншектерге аудан әкімінің атынан сыйлықтар мен гүлдер табыс етілді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *