Алаштың Әбеcіне сәлем бере келдi

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Қазақтың адал достары аз емес. Әсіресе, қазақ пен қырғыз бір өзеннің арнасы, бір ағаштың алмасындай өмір тарихында бір-біріне қолдау көрсетіп келеді.

«Ер – елдің ық жағының қалқасы, жел жағының панасы» деген сөз бар. Қазақ пен қырғыз халқы ең бір қиын сәттерде бір-біріне қамқор-пана бола білуі де сол достықтың айнасындай. Екі халық та туысқандықты өз туыстарының арасынан ғана іздемей, өмір дүниесінде бауырлас, қандас болып кеткен. Кеше Алматыға көршілес Қырғыз елінен ерекше құрметті қонақ келді. Ол – Қырғызстанның үшінші президенті Роза Отынбаева. Мәртебелі қонақ күні кеше бүкіл қазақ елі құрмет көрсетіп, төбесіне көтерген Әбдіжәмил Нұрпейісовке ықылас білдіруге арнайы келіпті.

Роза Исакқызы Отынбаева Орта Азия мемлекеттері арасынан шыққан тұңғыш әйел президент. Оның басқару кезеңі арпалыста қалған Қырғызстанды бейбіт өмірге оралтып, халықты ортақ мүдде тұрғысына жұмылдыра білуімен есте қалды. От пен оқтың ортасындағы саяси көзқарасы әр түрлі тараптарды ортақ идея туының астына біріктірді. Осылайша Қырғыз президенті өз халқының алдында ұлы ерлік жасаған еді.

Әйел тек ерлік тағдыр кешеді. Жар салып, жарияламай ерлік жасайды деген осы болар. Бүгін қырғыз халқының ұлы батыр қызы Құрманжан датқаның өсиетіне адалдық танытып, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбдіжәмил Нұрпейісовке сәлем сала келіп, тағы бір ерлік жасап сыйластық институтына үлкен олжа салды. Көп жасаңыз, Роза Исакқызы!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close