АЛАШТЫҢ АЙНАСЫ – «АЛМАТЫ АҚШАМЫ»

Рамазан СТАМҒАЗИЕВ,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі
Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі» деген. Бұл — қалтқысыз айтылған қағида. Мейлі, қайда, қандай қоғамда, қай дәуірде өмір сүріңіз, тың туындының тұсауын кесетін де, көң асты көмбе табылса сүйіншілеп есетін де – газет. Тарихтың ақтаңдақ беттерін ашатын да, қатені бетке басатын да – газет. Ерлер жайлы естелік айтатын да, ерлік жайлы ертекпен байытатын да – газет. Тіл ұстартып, ой түйдіретін де, идіретін де – газет. Осындай өреден көрінген, ойы да, сөзі де таспадай өрілген газет болса, ол – «Алматы ақшамы».
Ендеше, алты Алаштың айнасы – «Алматы ақшамы» ай сәулесін алысқа түсіре берсін!