Алаш Орданы асқақтатып, қазақ рухын аспандатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның дамуы мен тұрақтылығының негізі» атты алғашқы Жолдауы біздің негізгі принципіміз экономикалық реформаларды енді еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртусыз іске асыру мүмкін еместігін айтуымен маған үлкен ой салды. Бұдан басқа партиялық құрылыс процесін жалғастыруға тоқтала келе, Елбасы, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың абыройының арқасында, «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күшке айналуы жолында жауапкершілігі жоғары миссияны біртіндеп орындап отырғанын айтып өткені, біздерге «Nur Otanдықтарға» темірқазық болуы тиіс деп ойлаймын.

Екінші мәселе, тұрғындармен тиімді екіжақты байланыс мемлекеттік органдар қызметінің қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұқтаждықтарына жедел үнқату болып табылатынына тоқталып, Президент аппаратында мемлекеттік органдардың, азаматтардың өтініш-шағымдарында көтерілген, қамтылған мәселерді шешілу сапасы бойынша жедел шара қолданатын бөлім ашылғанын айтып өтті. Бұл дегеніміз айналып келгенде, қоғамды толғандыратын мәселелерге жіті қарап, партияның қоғамдық қабылдау бөлімдері билік пен халықтың бірлігінің негізі екендігін паш етіп, барынша халыққа жақын болуды меңзеп тұр деп түсінемін.

Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісімге – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесінде қол жетіп отырғанын айта
отырып, қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін
бекемдей түсуді пысықтағаны көкейге қонады. Тағы бір айта кететін жәйт, Қазақ елінің Президенті қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келетініне сендіріп, тіл үлкен саясаттың құралы екендігіне назар аударып, ана тіліміз туралы тағы да бір рет салмақты пікір айтты.

Адамзаттың екінші Аристотелі атанып, атағы жер жаһанға жайылған
әл-Фараби бабамыздың 1 150 жылдығы мен Абай атамыздың 175 жылдығын атап өтумен қатар, тұңғыш рет Алаш Орда аты ауызға алынып, оның 750 жылдығын атап өту елімізге туристердің қызығушылығын тудыратынына тоқталғаны да көкейге қуаныш әрі мақтаныш сезімін тудырары сөзсіз.

Бұл Жолдауда ауыл туралы, ауылдың гүлденуі, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына 3 жылға 90 миллиард теңге бөлінетіні, жалпы агро-
өндірістік кешеннің дамуына үлкен көңіл бөлініп отырғаны, қазақтың күре тамыры ауылдың өлмейтініне үміт отын жағып, сенімді арттыра түседі.
Сондай-ақ, Жолдауда қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасының алшақтап бара жатқанын тілге тиек етіп, оның негізгі мәселесі – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы екенін тап басып көрсетіп, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, бұл жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруды пысықтап, Үкіметке келесі жылдан бастап, осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге жеткізуді шегелеп тұрып табыстады. Сонымен қатар, ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек дегені ауылдан шыққан азаматтардың дөп көкейінен шығатыны да даусыз.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырып, келесі жылдан бастап, бірінші рет үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуге бет бұрғаны да қуантарлық жағдай.

Жолдаудың барлық тақырыбын қамту мүмкін емес, мен өзіме керемет ұнаған тұстарын ғана атап өтіп, барлық партияластарды, отандастарды Жолдауды қолдауға шақырып, ондағы өте кең көлемде қамтылған іс-шаралардың іске асуына атсалысайық дегім келеді.

Баймұрат ЖАМБЫЛОВ,

«Nur Otan» партиясы Бостандық

аудандық филиалы төрағасының

бірінші орынбасары.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *