Қаламгерлер «Құрметті азамат» атанды

%d0%bc%d1%8b%d0%bb%d1%82%d1%8b%d2%9b%d0%b1%d0%b0%d0%b9-%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bc%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2

Өткен жылда қоғам өмірінің барлық саласында ілгерілеушілік байқалды. Қоғамдық ой-сананы алға жетелеуші рухани мұратымызда ұлысты жаңғырулар болды. Мәдениетіміз, әдебиетіміз өрісті, өркенді дүниелермен толықты. Олардың бәрі ескерусіз қалмады. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бір топ қаламгерлер түрлі марапаттармен аталып өтті. Олардың арасында елімізге белгілі ақын-жазушылар, газетіміздің тұрақты авторлары да бар.

%d0%b0%d1%8f%d0%bd-%d0%bd%d1%8b%d1%81%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%bd

Белгілі қаламгер, жазушы, публицист Бекболат Әдетовке Ал­маты облысы, Талғар аудандық мәсли­ха­тының шешімімен Тал­ғар ауданының «Құр­метті азаматы» атағы берілді.

Сондай-ақ, белгілі ақын, сыншы, аудар­машы Қазақстан Жазу­шылар одағының мү­шесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сый­лығының лауреаты Аян Нысаналин Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының «Құрметті азаматы» атанды.

Ақын, баспагер-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мылтықбай Ерімбетов Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы мәс­лихатының шешімімен осы ауданның «Құр­метті азаматы» атағын иеленді.

%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0%d1%82-%d3%99%d0%b4%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2

Әріптес қалам­гер­лерді құрметті атақ­тарымен құттықтап, шығармашылық табыс­тар тілеймз.

 

«Ақшамдықтар».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *