ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАУІП-ҚАТЕРДІ БОЛЖАЙДЫ

Францияның Қорғаныс министрлі­гінде елдің қауіпсіздігіне төнген қауіпті болжайтын футурологтар мен фантаст-жазушылардың командасы құрылды. Бұл жөнінде Францияның Қорғаныс инновация агенттігі мәлімдеді.

Аталмыш құжат авторлары елдің қорғаныс саясатын жетілдіре түсу үшін стратегиялық ортаның өзекті талдау­лары қажет. Болашақта төнетін қатер мен жаңа факторларды анықтау үшін аналитикалық орталық жасақталуы керек. Сондықтан агенттіктің баянда­масында «қызыл команда» құру жөнінде шешім қабылданды. Оның құрамына төрт-бес адам кіреді. Оларға алдағы мүмкін болатын қауіпті болжау үшін үлкен жауапкершілік жүктелген.

«Қызыл команда» мүшелері ақпа­раттық технологияның, оның жасанды интеллектінің мүмкін болар қауіп-қатерін жете зерттейді. Нәтижесінде әске­ри құрылымдар және арнайы қызмет орындары белгілі қауіпке қарсы тұру жөнінде тиісті кепілдемелер алуы тиіс.

Фантастар, футурологтармен келі­сім-шарттар түзетін әскери ведомство олардың жұмыс тәсілі мен аты-жөн­дерін жасырын ұстамай, ашық жұмыс істейді.

Денсаулығынан гӨрі Кремльге алаңдайды

Неміс канцлері Ангела Меркельмен өткен баспасөз мәслихатында оған көптеген сұрақтар қойылды. Германия жұртшылығын жиі маза­лайтын денсаулығы жөніндегі мәселеге ол аса нақты жауап бермеді және 2021 жылы қызметтен кеткенге дейін әлі қауқарлы екенін айтты. Есесіне, өзінің алдағы мүлдем басқа армандарымен бөлісіп, оған денсаулығы мүмкіндік беретінін де айтып өтті. Соңғы кезде бүкіл әлем алаңдаған кейбір түсініксіз талма туралы өзі де аң-таң екенін жасырмады.

Сондай-ақ, денсаулық жөніндегі сауалдардың орнына Ресейдің Еуро­одақтың жұмысына орынсыз киліккенін доғаруын еске салды. Мәскеумен жақсы қатынастарды қолдайтынын, алайда Кремльдің алдағы Еуропарламент сайлауына араласпай жөнімен жүргенін ескерткен болып, сондай-ақ, Еуропадағы кейбір партияларды қолдады.

Емтиханды да тапсырды, туып та үлгерді

Гвинеялық 18 жасар оқушы емтиханға келгені сол еді, толғақ қысты. Перзентханаға жедел жеткізілген ол 10 минуттың ішінде ұлды болды. Бір таңқаларлығы, ол бір жарым сағаттан соң емтиханға оралып, оны үздік бағаға тапсырды. Сөйтіп, емтиханға жібермейді деген қауіптен де сейіліп, қос қуанышқа қол жеткізді.

Балаға ұзақ демалыс жақпайды

Америка ғалымдары жазғы ұзақ демалыстың балалар мен мұғалімдердің психикасына кері әсері болатынын анықтады. Қыркүйекте мектепте бас­талатын сабақ балаларға қатты күйзеліс тудырады. Ғалымдардың айтуынша, зерттеу нәтижесі көрсеткеніндей, балалардың жасына сай емес жағдаяттар анықталған. Оқушылардың еңбек қабі­леті, үлгерімі төмендеп, түрлі аурулар туындайды екен. Қысқасы, ғалымдар балалар каникулының мерзімін шектеп, мектепке барар алдында психолог пен психотерапевтен кеңес алуды ұсынды.

Жаңа оқу жылын сәуірден бастай­тын жапондар бірдеңе білген-ау осы.

 

Ельциннің әкесі фамилиясын неге Өзгертті?

Ресейдің тұңғыш президенті Ельцин­нің нағыз фамилиясы Ельцын болған екен. Алайда, оны атасы не әкесі өзгер­тіп алған көрінеді? Оған не себеп болға­нына КПСС орталық комитетінің бас­па­сөз орталығының бұрынғы басшысы Н.Зенькович былай деп жауап береді.

– Бұл шынында солай. Ельциннің алыс атасы Елизарий Елец ХV ғасырда Оралдан қашқан көрінеді. Оның ұрпақ­тары тіл ережесінің толық талабына орай 1920 жылға дейін Ельцын атауын қолданған. Одан кейін болашақ прези­денттің әкесі Николай Игнатьевич фами­­лиясының бір әрпін өзгерткен. Неге? Бір себебі, Азамат соғысында ақтар жағында болғанын жасыру үшін және өне бойғы тексерістен құтылу болған іспетті. Бірақ оны бұл да құтқара алмады. 1934 жылы «сол кездегі билікке, тәртіпке разы болмағаны және кеңес өкіметінің құлайтыны жөнінде қауесет таратқаны үшін» Николай (бұл кезде Ельцин) үш жылға лагерге айдалып, Мәскеу-Волга каналын салуға жібе­ріледі. Бірақ 1936 жыл шартты түрде шұғыл босатылады.

Джунаның жасы қаншада?

Кезінде КСРО-да ең бірінші рет ресми түрде экстрасенс атағын алған Джуна Давиташвили бүгінде 70-ке келеді екен. Оған Арбаттағы пәтерінде емде­лушілерді қабылдауға да рұқсат етілген. Ол тұста елдегі орташа жалақы 120 рубль болатын. Ал оның бір сеансы 100-120 рубль болды. Брежневтің, Чернен­коның, Андроповтың кезінде еркін жұмыс істеген оған Горбачев тыйым салды. Тіпті, кейбір ғылыми инсти­туттар базасында қайта құру кезінде оның қабілетін зерттеу де қолға алынды.

Джуна өзі жөнінде айтқанды, мақ­танды жақсы көрген. Бұл оның басты қаруы еді. Тіпті өз айтуынша, оны күштік құрылымдар өкілдері Брежневті емдеу үшін Грузиядан Мәскеуге күштеп әкелген көрінеді. Бірақ күні бүгінге дейін оның сөзін растайтын дәлел жоқ. Брежневтің дәрігерлері, оны емдеу үшін экстрасенске, көзбайлаушыларға, емшілерге ешқандай қажеттілік болған жоқ дейді. Алайда, оған белгілі адамдар қаралған. Мәселен, жүрек талмасына ұшыраған Аркадий Райкин оған қарал­ған соң денсаулығы жақсарып кеткен. Алайда, ол өзінің ұлын құтқарып қала алмағанына өмір бойы өкініп өткен. Ол шаш-етектен табыс тапты. Оның артында қалған дүниесі шамамен 15 млн. рубль делінеді. Онда аса қымбат әшекей бұйымдар жеткілікті болған. Ол өлген соң қымбат бұйымдардан арнайы мұражай жасақталған. Арбаттағы үйінен қуып шыққан. Қымбат заттарын біреулер белгісіз жаққа алып кеткен.

Ол атаққұмар болды. Қолдан жасал­ған атақтары көп болды. Ол «маған медицина саласындағы генерал атағы берілді» деп генерал погоны бар киімін жиі киіп жүретін болған. Бұл сайып келгенде, оған риза болған полков­никтің «Құрметті генерал-полковник» атты қоғамдық марапаты екен. Әсіресе, Ельциннің тұсында ол атақтардың астында қалды.

Сонымен қатар, ол сурет училище­сінің студенттерін шақырып, оларға түрлі әңгіме айтып, суреттер салдыру­мен әуестенген. Кейіннен ол суреттерге сәл-пәл өзгерістер енгізіп, өзінің аты-жөнін жазып қоятын болған.

Бүгінге дейін оның тура жасы жөнінде де әңгіме көп. Онда түрлі жасты көрсететін бірнеше паспорты болған көрінеді.

 

Қ.ИМАН.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close