ҒАЛАМДЫҚ МӘСЕЛЕНІҢ ҚАУІПСІЗ ШЕШІМІ

144 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісік  ауру­ларына қарсы күрес күні қарсаңында Салауат­ты өмір салтын қалыптастыру мәселелері  Ұлттық орталығында өткен   дөңгелек үстел басына жиналған мамандар жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алудың бірден-бір жолы – осы аурудың пайда болуына себеп болатын адам папилломасы вирусына қарсы екпе жүргізу  деген пікірге тоқталды. 

Жыныс қатынастары арқылы жұғатын бұл жұқпаның екі: 16 және 18 типті  түрі ең көп    тараған және қауіпті түрлері  болып саналады екен.    16 типті вирусты жұқтырғандар арасында  бұл дерт 400, ал 18 типті вирусқа шалдыққандар арасында 250 есе асқынып кететіні байқалған.   Қазіргі уақытта АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 120 елінде кең қолданылып отырған көрінеді. Ал жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алудың ұлттық бағдарламасы  бүгінде  әлемнің 59 елінде қабыл­данған. Бұл ұлттық бағдарламалардың басты мақсаты – жасөспірім қыздарға папиллома вирусына қарсы алғашқы екпе ектіру екендігіне   әлемдік тәжірибе арқылы көз жеткізген  біздің онколог-мамандар да АПВ-ға қарсы екпе жасау бағдарламасын кезең-кезеңімен енгізу жолдарын қарастыру керектігін көпшіліктің талқысына салды. Бұл бағдарлама 2012 – 2016 жылдар аралығында еліміздегі қатерлі ісік ауруларының алдын алуға  арналған бағдарлама  аясында елі­міздің төрт аймағында, Алматы, Астана, Атырау, Павлодар облыстарында 2013-2014 оқу жылда­рында  сәтті  қолға алынғанмен, ата-аналар тара­пы­нан  толық қолдауға ие бола қойған жоқ. Сондықтан тұрғындар арасында екпенің тиімділігі туралы  насихат жұмыстарын жүргізу қажеттілігі баспасөз мәслихатында көбірек айтылды. Екпе жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алуға және оның асқынуларына жол бермейтін тиімді тәсіл дегенге басымдық берген мамандар ата-аналарға 11-15 жастағы жасөспірім қыздарына екпе ектірудің қажеттілігін түсіндіруге тырысты.

Өткен жылы Салауатты өмір салтын қалып­тастыру мәселелерінің Ұлттық орталығы  екпенің тиімділігін дәлелдеуге арналған екі семинар өткізіп,  ол туралы үгіт-насихат жүргізетін 818 маман  дайындаған. Сондай-ақ, тұрғындарды кеңі­нен ақпараттандыру мақсатында парақшалар, буклеттер таратылып, лекциялар оқылыпты. Мұндай насихаттық жұмыстар биылда жалғасын табады дегенді айтқан мамандар, вакцинаның әсерлілігі мен қаупсіздігінің әлемнің түрлі емхана­ларында  жан-жақты зерттеліп, нәтижелерінің дәлеледенгенін, сондықтан ДДСҰ  оған қолдау біл­діріп, балаларға екпе жүргізудің ұлттық бағдар­ламасына енгізілгенін айта келіп, ата-аналарды  немқұрайлы болмай, қыз балаларының денсаулы­ғына ерте кезден қамқорлық жасауға шақырды.  Екпе – жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең негізгі қорғаныс шарасы. Сол себепті одан үркіп, үрейленудің қажеті жоқ дейді мамандар.  Бұл екпе тегін әрі әр ата-ананың өз еркімен жүзеге асы­рылады.  Талай жұқпалы аурулардың жолын кескен екпенің пайдалы жағын түсінгенімен, көп ата-ана ертең ана болар қыз баласының денсаулығына екпенің зияны тимей ме деген қауіптен арыла алмай жүрген секілді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген емес пе, осы қағида  мен мамандар сөзіне құлақ түрсек, шын мәнінде АПВ екпесінен үрікпегеніміз жөн болар.

  •  Жатыр мойнының қатерлі ісігі сүт безінің қатерлі ісігінен кейінгі екінші                          орынды иеленеді.
  • Дүние жүзі бойынша 2 миллион әйел осы дерт бойынша есепке алынған.
  • Әрбір он екі минут сайын осы дерттің салдарынан 1 әйел көз жұмады екен.
  • Жатыр мойнының қатерлі ісігінен бір тәулікте Ресейде 18, Украинада 6 әйел, ал Қазақстанда 2 әйел  қайтыс болады.
  • Бұл дерттен болатын өлім-жітім  40 жасқа дейінгі  қыз-келіншектерде жиі кездеседі.
  • Қазіргі уақытта адам папилломасы вирусына қарсы екпе егу әлемнің  120 елінде қолданылады.
  • Ал біздің елде 2012 жылы АПВ-ға қарсы екпе жасау бағдарламасы жасалған.

 

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ  ҚАРСЫ   КҮРЕС АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Қатерлі ісік ауруларының алдын алу және ол туралы тұрғындарды ақпараттан­дыру мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы 2007 жылдан бастап  қаңтар айының соңғы аптасын қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес апталығы деп жариялап, ал 4 ақпанды осы бір аты жаман ауруға қарсы күрес күні деп белгілеген болатын. Содан бері қатерлі ісікке қарсы еуропалық апталық атауымен дәстүрлі түрде өткізіліп  келеді. 28 қаң­тар­дан басталған бұл  іс-шара 7 ақпанға дейін жалғасады. Апталық   аясында  қаламыздағы бар­лық емханаларда ашық есік күндері ұйымдас­тырылып, тұрғындар тегін  тексерулерден өткізіледі. Аурудың бастапқы белгілері, алдын ала білу шара­лары, емдеу тәсілдері туралы онколог-дәрігерлердің ақыл-кеңестері жазылған парақшалар мен буклеттер таратылмақ.  Алматы қалалық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  ұйымдастыр­уымен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында  кең ауқым­ды спорттық  іс-шаралар, флешмоб өткізу жоспарланған. Биылғы  қатерлі ісікке қарсы күрес апталығында әйелдер арасындағы жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алу мәселелеріне басымдылық берілмек.  Жатыр мойнының қатерлі ісігі әйелдерде  кездесетін   сүт безі­нің қатерлі ісігінен кейінгі  орында тұр.   Дүние жүзі бойынша 2 миллион әйел осы жатыр мойнының қатерлі ісігіне шалдығу­ларына байланысты есепке алынса, әрбір он екі минут сайын  бір әйел осы дерттің салдарынан көз жұмады екен. Ал Қазақстанда күн сайын екі әйел-ана  осы аурудың асқыну­ларынан  қайтыс болатын көрінеді. Сол себепті өткізіліп отырған онкүндік пен арнаулы күннің басты мақсаты – қыз-келіншектерге осы аурудың алдын алу мен сақтандыру жолдарын түсіндіру. Сондай-ақ, «Мега», «Есентай Молл» сияқты ірі сауда – ойын-сауық орталық­тарында «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресейік» атты ақпараттық кампания ұйымдастыру, Алматы қалалық Денсау­лық сақтау басқармасының, қалалық онкология орталығының, «Қатерлі ісікке қарсы бірге күресейік» қоғамдық қоры мамандары­ның қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілмек. Ал ең маңыздысы, 7 ақпан күні қалалық онкология орталығы БАҚ қызметкерлеріне арнайы «Ашық есік күнін» өткізеді.  Әрі ата-аналарға қыз балаларды  осы жатыр мойнының  қатер­лі ісігінің пайда болуына себеп болатын адам папилломасы  виру­сына қарсы екпе  туралы түсіндірме жұмыс­тарын жүргізу жоспар­ланып отыр дейді, – Алматы қалалық Салауатты өмір сал­тын қалып­тастыру орта­лығы  директорының   міндетін атқарушы Галина Булыгина.

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *