Қалалықтар қаперіне

Аудан әкімі азаматтармен жеке қабылдау өткізеді

Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жалпы республикалық іс-шара Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні аясында 2019 жылғы 21 қарашада Алмалы ауданының әкімі Б.Н.Торғаев азаматтармен жеке қабылдау өткізеді.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74 «А».

              Алмалы ауданы әкімі аппаратының ғимараты, №110 кабинет.

Қабылдау күні мен уақыты: 2019 жылдың 21 қарашасы, сағ. 9.00-ден.

Анықтама және қабылдауға жазылу: 272-01-18 телефоны бойынша.                                                                

 

Сізді аудан әкімі қабылдайды

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында, жалпыреспубликалық «Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күніне» орай, 2019 жылдың 21 қарашасында Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев аудан тұрғындарын қабылдайды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықпен тікелей диалог орнату және азаматтардың әлеуметтік мәселелерінің түйінін шешу.

Өтетін орны: Алатау ауданы әкімінің аппараты, «Шаңырақ-2» ықшамауданы, Жанқожа батыр көшесі, 26-үй, сағат 09.00-де.

 

Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «еститін мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету шеңберінде Наурызбай ауданы әкімі Санжар Тоғай Әділұлы азаматтарды Бірыңғай (Ұлттық) қабылдау күнін өткізу аясында, ағымдағы жылдың 21 қараша күні сағат 09.00 – 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Қабылдауға аудандық құрылымдық бөлімшелердің, коммуналдық қызметтер мен құқық қорғау органдардың басшылары шақырылатын болады.

Өтетін мекен-жайы: Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Шұғыла» шағынауданы, 347, аудан әкімдігі ғимаратында.

Байланыс телефондары: 370-01-54; 307-45-56.

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты.  

 

Құрметті Түрксіб ауданының тұрғындары!

Азаматтарды Бірыңғай (Ұлттық) қабылдау күнін өткізу шеңберінде                2019 жылдың 21 қарашасында сағат 9.00-ден Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Павел Сергеевич Кулагин Чехов көшесі, 15 мекен-жайында орналасқан №76 жалпы білім беретін  мектепте азаматтарды қабылдайды. Тұрғындардың түйткілді мәселелерін жедел шешу үшін қабылдауға Алматы қаласы басқармаларының өкілдері, аудандағы құрылымдылық бөлімшелердің, коммуналдық қызметтер мен құқық қорғау органдарының басшылары шақырылады.

Анықтама телефоны: 223-11-64.

Түрксіб ауданы әкімінің аппараты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *