ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕР БАСҚАРМАСЫ ЕСЕП БЕРДІ

Қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы мүшелерінің қатысуымен Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасы және қалалық Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 9 айлық жұмыстарының нәтижелері туралы депутаттық тыңдаулары өтті.

Мәншүк БЕКБОСЫН

Алғашқы баяндаманы ҚР мемле­кеттік органы болып табылатын Алма­ты қаласы мемлекеттік активтер басқармасы басшы­сының міндетін атқарушы Рүстем Әлиев жасады.

–       2019 жылдың 1 мамырынан бастап Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдасты­рушысы (БҰ) ретінде 57,5 млрд. теңгеге 102 байқау жариялады.

Соның ішінде коммуналдық меншік­ке жаңадан салынған 72 нысан (29,8 млрд. теңге), құны 31,7 млрд. теңге болатын жаңадан салынған инже­нерлік желілер нысаны – 67, сондай-ақ, 10,9 млрд. теңгеге сыйға тарту шарты бойынша 42 нысан қабылданды, – деді Р.Әлиев.

Жекешелендіру аясында жалпы сомасы 82,4 млн. теңгеге 174 бірлік автокөлік құралы сатып алынды. Сонымен қатар, 2019 жылдың 9 айында коммуналдық меншік нысандарын жалға беру бойынша 769 мүлікті жалға беру шарты жасалған екен. Жалға беруден бюджет кірісіне 579,3 млн.  теңге көлемінде кіріс кірді.

Бүгінде мемлекеттік активтер бас­қар­масында 4 комиссия жұмыс істейді.  Оның құрамы 73 пайызға басқа мем­лекеттік орган­дардың, орталық мемлекеттік орган­дары бөлімше­лерінің, үкіметтік емес бір­лестік­тер­дің және кәсіпкерлер палатасы­ның өкілдерінен тұрады. Бұл – қызметтің ашықтығын арттыруға және басқарма­ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді.

Үстіміздегі жылдың 30 қазанында басталған басқарма Алматы қаласы әкімді­гінің OpenAlmaty қоғамдық қабылдау бөлмесінде коммуналдық меншік мәсе­лелері бойынша (жалға алу, сенімгерлік басқару, жекеше­лен­діру) ашық есік күнін өткізген екен.

Бұдан өзге, Тексеру комиссия­сы­ның төрағасы М.Қалиев 2019 жылғы 9 айлық жұмыс нәтижелер бойынша және мемлекеттік аудиттің негізгі мәселелері туралы баяндады. 2019 жылдың 9 айында 23 нысанда мемле­кеттік аудит жүргізілген екен. Соның ішінде Стратегия және бюд­жет, мемлекеттік активтер, туризм басқар­малары, «Туристік ақпарат орталығы» ЖШС, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 17 кәсіпорны (4 аурухана, 7 орталық, 6 емхана) және Медеу, Бостан­дық аудандарының әкімдіктері бар.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *