ҚАЛА ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАРТЫСЫ ЖАБЫЛАДЫ
«Алматы марафоны» ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс күні жолдардың жартылай жабылатынын хабарлайды

14 қазан күні «Алматы Жартылай марафоны» кезінде сағат 0.00-ден бастап 12.30-ға дейін бағдардың өтетін орындарында автокөлікке арналған жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылады.
Жартылай марафон сөресі Тұңғыш Президент саябағында басталады. Әл-Фараби даңғылы бойымен Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі сағат 0.00-ден бастап 12.30 дейін жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі Науаи көшесінен бастап Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі сағат 7.20-дан бастап 8.00-ге дейін жабылады.
Әл-Фараби даңғылы бойымен Мұстафин көшесінен бастап Шашкин көшесіне дейін сағат 07.00-ден бастап 11.30-ға дейін қозғалыс тоқтайды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Әл-Фараби даңғылы бойымен Шашкин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін сағат 03.00-ден бастап 11.30-ға дейін қозғалыс тоқтайды. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
С.Сейфуллин даңғылы бойымен әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 07.30-дан бастап 10.00-ғе дейін жабық болады. Барлық қозғалыс жолақтары толықтай жабылады.
Абай даңғылы бойымен С.Сейфуллин даңғылынан бастап Саин көшесіне дейін сағат 07.20-дан бастап 12.00-ге дейін жабық болады. Солтүстік бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Саин көшесі бойымен әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін сағат 07.00-ден бастап 11.00-ге дейін жабық болады. Батыс бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.
Мәліметтер жүгіру жарысына қатысушылардың қозғалыс уақытын үнемді бөлуді есебімен енгізілді.