ҚАЛА ТАҒДЫРЫ ҮШІН ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Асылы ОСМАН, қоғам қайраткері:

Алматы – әр қазақтың жүрегінен орын алған, шығармашылық интелли­ген­циясы шоғырланған, зиялы қауы­мы, түрлі қоғам қайраткерлері бар, жігерлі жастарымен жалындап тұрған әсем қала. Сондықтан Алматы – өзі­нің бұрынғы қалпын сақтай отырып, халықтың үдесінен шығатындай орталық болуы керек.Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Алматы – 2050» стратегиясы ел назарына дер кезінде ұсынылып отырған жоба. Осы орайда шаһар басшысының қаланың дамуы үшін халықпен тілдесіп, халықтың ойын білуге ұсыныс жасауы көрегенділік деп білемін. Жобамен толық танысып шықтым. Қала дамуына арналған ұсыныс-пікірлердің барлығы болашақ үшін өте маңызды. Барлық сала жан-жақты қамтылыпты. Әсіресе, Алматыда тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту үшін қолайлы мәдени орта құрылатыны, рухани тәрбие базасын қалыптастыру үшін маңызды мәдени кешендерді қайта қалпына келтіру мен қайта жаңартуды жүргізетіні мені ерекше қуантты. Алматы – елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі болатын­дай мәдениетімен де, табиғи ерекше­лігімен де әлемге танылған қала. Демек, қолға алынып отырған бұл игілікті іс Алматының жыл санап емес, күн санап өзгеруіне, рухани өсуі­­не, дамуына жасалып жатқан жарқын бастама. Әдеби мұрасы, мәдениеті, ғылым мен білімі барда, көз тартар сұлу табиғаты барда Алматы бүгінгіден де ажарлана түсетініне мен бек сенімдімін. Көптің пікірін оқи отырып, Алматының тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтынына тағы бір мәрте көзім жетті. Сондықтан мен аталмыш жобаны қала тағдыры үшін жасалған маңызды қадам деп есеп­теймін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *