ҚАЛА ТҰРҒЫНЫНЫҢ ӘР ҰСЫНЫСЫ МАҢЫЗДЫ

өтінімдерді қабылдау 19 тамыздан 1 қыркүйекке дейін жалғасады

Қала әкімдігі «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын бастады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Ж.Жазылтаева және «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ басқарма басшысының орынбасары О.Сектің қатысумен өткен брифингте белгілі болды. Жобаға сәйкес қаланың сегіз ауданына қалалық бюджеттен 500 млн. теңге бөлінбек.

Бюджетке қатысу немесе партисипа¬тивтік бюджет – бұл азаматтардың қаты¬с¬уы¬мен әзірленетін жергілікті бюджет. Қала тұрғындары бюджеттік үдерістің барлық сатыларында, яғни жоспарлау, талқылау және мониторинг сияқты басым мәселелер бойынша қаржылық шешімдерді қарауға және қабылдауға үлес қосады. Алғаш рет партисипативті бюджет 1988 жылы Брази¬лиядағы Порт-Алегри қала¬сында енгізілген екен. Азаматтар бюджетті бөлуге атсалы¬сып, қаланың инфра¬құрылым, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үй жағдайлары бөлігінде өмір сүру жағ¬дайын жақсартуға көмек¬тесіпті. БҰҰ бұл процесті «оң тәжірибе» үлгісі ретінде таныды. Дүние¬жүзілік банк партисипативті бюджетті қалалықтардың өмір сүру сапа¬сын жақсарту бойынша құ¬ралдар жиынты¬ғына қосты. Бүгінде парти¬сипа¬тивті бюджет Нұр-Сұлтан, Париж, Лондон, Сеул, Мәс¬кеу, Киев, Лейпциг және Ош қаласында қолданылады екен.
Алматыдағы бюджетке қатысудың мақсаты – қала тұрғындарының ұсыныс¬тары мен бастамалары негізінде мегаполис аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру. Жобаға Қазақстан Республи¬касының азаматы, оралман, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азамат¬тығы жоқ адам да қатыса алады.
Жобаларды қабылдау мерзімі аяқталған соң сараптау комиссиясы барлық өтініш¬терді іріктейді. Ал 20–29 қыркүйек ара¬лығында аталған өтініштер бойынша тұрғындардың дауыс беруі өтеді. Сол жерде жеңімпаз жобалар анықталады. Жобалық ұсыныстар budget.open-almaty.kz порталы арқылы беріледі. Ол үшін өтінімді толтыру қажет (жобалық ұсыныстың атауын, оның сипаттамасын, объектінің мекен-жайын көрсету), жобалық ұсыныстың эскизі мен сметасын міндетті түрде қоса тіркеу қажет (шамамен алынған болуы мүмкін). Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша ағымдағы жағ¬дайының фотосуреттерін және презента¬ция¬ларды қосуға болады.
Бір жобаның ең жоғарғы құны 100 млн. теңгеден аспауы тиіс екен. Іске асыруға рұқсат беру үшін жоба Алматы тұрғын¬дарының оннан астам дауысын жинауы тиіс. Қаланың бір тұрғыны жеке ЭЦҚ пайдалана отырып, үш жобалық ұсынысқа дауыс беруге құқылы.
Аудандық әкімдіктердің сараптау ко¬миссиялары жобалардың Тәртіп талап¬тарына, ҚР заңнамасының талаптарына, Алматының даму бағдарламасына сәйкес¬тігіне іріктеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, пилоттық жобаның іске асырылу қорытын¬дысын қарайды. Аудандық әкімдіктің сараптау комиссиясының дербес құрамын аудан әкімі қалыптастырады және бекітеді.
Сараптама комиссиясының құрамында кемінде мәслихаттың екі депутаты, аудандық сәулетші, құрылыс саласының маманы, құрылыс жобалары бойынша шығындар сметасын жасау бойынша жұмыс тәжірибесі бар маман, Қоғамдық кеңестің кемінде төрт өкілі және қоғамдық ұйымдардың кемінде төрт өкілі бар.
Бюджетке қатысу туралы кеңесті немесе ақпаратты Ал¬маты қаласы¬ның аудандық әкімдіктерінен, сон¬дай-ақ, мына телефон арқылы алуға болады: +7 727 224 39 29 (ішкі 203, 103).
Өтінім беру барысында техни¬ка¬лық қиындықтар туындаған жағдай¬да мына телефон арқылы хабарла¬суға болады: +7 775 818 05 73.
КЕРЕК ДЕРЕК

Жобалық ұсыныстар мынадай критерийлерге сай болуы тиіс:
* бір автор – бір өтінім – бір нысан;
* жалпыға ортақ нысан болу;
* нысан оны іске асыру жоспарланып отырған аудан аумағында, жалпы пайдаланудағы жер учаскесінде орналасуы тиіс;
* әкімдіктің құзыреті шегінде болу және т.б.
Мынадай жобалық ұсыныстар қабылданбайды:
* құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізбей ЖСҚ әзірлеуге ғана есептелген;
* фрагментті (болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап ететін);
* Алматы қаласын дамыту бағдарламасына және ҚР заңнамасына сәйкес келмейтін;
* коммерциялық сипаттағы және т.б.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *