ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МАҢЫЗДЫ

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Мұндағы басты мақсат – қызмет көрсе­тудің сервистік үлгісіне басымдық бере отырып, Алматы полициясының жұмы­сын қайта құру. Учаскелік инспек­торлар, патрульдер қала тұрғындары мен оның қонақтарының мәселелерін шешуге көмектесулері тиіс.

–       Қоғамның басты талабы – сапалы және қолжетімді медициналық қызмет, білім мен қоғамдық қауіпсіздік. Біз осыларды қамтамасыз етуге тиіспіз, – деді кеңесті ашқан Бақытжан Сағынтаев.

ІІМ-нің басшысы полицияның жедел басқару орталығын модернизациялау және ЖБО-да бейнебақылау жүйесін интегра­циялау жоспарлары туралы айтты. Жыл басынан бері мегаполисте 4 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы орын алған екен.

–       Қазіргі кезде халық саны мен авто­мобиль трафигінің көп болуына қарамас­тан пәрменді шараларды қолдана отырып, жолдағы апаттар мен өлім-жітімді күрт азайтқан шет елдің тәжірибесін белсенді түрде үйренудеміз, – деп атап өтті ІІМ-нің басшысы.

Қала әкімдігі құқықтық тәртіпті қам­тама­сыз етуде, оның ішінде заманауи мега­полистердің озық тәжірибесін пайдалана отырып, жол инфрақұрылымын қайта құру жөнінде полицияның бастамаларын қол­дайтын болады. Бұл – «вафельді» белгілер, жолақтар бойынша бұрылыстардағы қозға­лыстардың нүктелері, қосымша бағдар­шамдар мен магистральді көшелердегі бөлгіш қоршаулар.

–       Адам өмірін ақшамен өлшеуге бол­майды. Қаланың көлік инфрақұрылымы қозғалыстың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасау қажет, – деп атап өтті Б.Сағынтаев әрі қалалық мобильділік басқармасына бұл мәселені полиция департаментімен бірге шешуді тапсырды.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *