ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛДЫ

Бүгінгідей технология дамыған заманда адамдардың бір-бірімен бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желілерде «әңгімелесетіні» шындық. Әлбетте, ғаламтор, әлеуметтік желілердің жақсы жағы да, зиян жағы да бар. Бірақ, іздеген ақпаратты тез арада тауып, күнделікті жаңалықтардан хабардар болып, өз пікіріңді ашық айтып отыруға келгенде пайдасы зор-ақ. Осы орайда қаланың күнделікті тыныс-тіршілігіне үлкен мән беріп, оның болашағына бей-жай қарай алмайтын, өзіндік үні мен көзқарасы  бар азаматтарға үлкен мүмкіндік ашылып отыр. Дәлірек айтқанда, осыдан екі апта бұрын Алматы қаласының әкімдігі «Іnstagram» әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтын іске қосқан болатын.

Жалпы, қалалық әкімдіктің «Инстаграм» әлеуметтік желісінде ресми аккаунтын ашудағы мақсаты – қалалық әкімдік пен қала тұрғындары және коммуналдық қызметтер ара­сында етене байланыс орнату еді. Бүгінде сол көздеген мақсат межеден шығып отыр. Неге десеңіз, ашыл­ған күннен бастап-ақ аталған аккаунтқа 3 мыңнан астам қала тұрғын­дары тіркеліп, қаладағы өзекті мәселелер туралы, мысалы, көшедегі қоқыс, құлаған ағаштар, қақпағы ашық қалған кәріз құдықтары және тағы басқа проблемалар бойынша хабарламалар түсірген екен. Пайдаланушылардан келіп түскен шағымдар  қалалық басқармалар мен қызметтерге жолданып,  тиісті шаралар қолға алынған. Айта кету керек, бүгінде тұрғындардан келіп түсетін хабарламалардың кемінде біреуі оңтайлы шешімін тауып жатыр. Осыған қарап «@akіmat_almaty» ресми аккаунты қала тұрғындары мен билік арасындағы алтын көпір іспеттес деуімізге негіз бар.

Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *