ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢЕСІ БІРҚАТАР ЖОБАЛАРДЫ МАҚҰЛДАДЫ

29Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ

Шаһар басшысы Бауыржан Байбектің төр­ағалығымен Қала құрылысы кеңесінің отырысы болып өтті.

Алматының дамуына бағытталған келелі кеңестің күн тәртібінде бес тұрғын үй кешені, әкімшілік ғимарат және көпсалалы волейбол орталығы бар жеті нысанның құрылысы мақұлданды. Естеріңізде болса, «Алматы – 2020» бағдарламасы негізінде дамудың 7 бағыты айқындалған болатын.  Жоба құрылысы сол бағыттардың бірі саналатын «Біріктірілген қала» бағыты аясында, яғни, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға негізделіп отыр.  Мәселен, мақұлданған жобалардың қатарында Алатау ауданында бой көтеретін екі көпқабатты тұрғын үй кешенінде міндетті түрде қажетті қызмет көрсету нысан­дары, паркингтер, мектеп және балабақшалар салынатын болады.

Сондай-ақ, Қала құрылысы кеңесі Медеу ауданында «Көркем Парк» деп аталатын тұрғын үй кешені құры­лысының да жобасын бекітті.  Жобада әлеуметтік инфра­құрылымдар санатындағы  жерасты паркингі мен екі балабақша (балабақшаның біреуі мемлекет қарамағына беріледі) салынбақ.

Бұдан бөлек, отырыста Бостандық ауданында жерасты паркингі, спорт және балалар алаңын қамтитын екі тұрғын үй кешенінің жобасы қаралды. Сондай-ақ, бұл ауданда да жаттығу корпусы, спорт орталығы, қонақүй мен басқа да қажетті нысандарды қамтитын жаңа көпсалалы волейбол орталығы бой көтермек.

Отырыс соңында Жетісу ауданында кеңсемен қатар, автокөлік бояуларын жеткізумен айналысатын фирмаларға арналған көрмелік залы бар әкімшілік ғимарат салу жобасы мақұлданды.

Алматыны әлемдік деңгейдегі заманауи қалаға айналдыруға бағытталған мұндай жобалар қаламыздың өсіп-өркендеуіне бастайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *