ҚАЛА ӨМІРІН ЖАЙЛЫ ЕТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

1444Кеше қала әкімі А.Есімовтің төрағалығымен Қала құрылысы кеңесінің «Алматы – өмір сүру үшін жайлы қала» Тұжырымдамасын талқылауға арналған мәжіліс өтті. Онда копенгагендік урбанист Ян Гейлдің аралық кезеңдегі зерттеулері мен жұмыстарының авторлық тұсаукесерін оның көмекшісі Рикардо Марини таныстырды.

Осыған дейін Алматы қаласының орталығы үшін қоғамдық кеңістік пен өмірдің сапалық талдауы жүргізілген болатын. Бұл аймақтар бағыттарындағы нысандар туралы түсінік беретін, сондай-ақ, жалпы көріністі қалыптас­тыруға мүмкіндік беретін айрықша сипаттағы көшелер, алаңдар мен саябақтар зерттелді.

Сөз алған Рикардо Марини қаланы алматылықтар мен туристер үшін қалай жайлы ету керектігі жөніндегі негізгі ұсыныстарды жария етті. Бұл ретте Алматы қаласының үлкен мүмкіндіктерін ашуға, бірінші кезекте, көліктер қожалық ететін аймақтарды қала өмірі үшін қолайлы, көлік қозғалысы жүйесін көптеп босататын тартымды қоғамдық кеңістікке айналдыру бағытындағы кеңестер бар. Осыған орай, Рикардо Марини «Басқа қалаларға қарағанда, Алматының басты артықшылығы – біздің емін-еркін жұмыс істеуімізге мүмкіндік бергендігі, алдыңғы қатарға шығатын «басты ерекшеліктер» бар екендігі, оның үстіне, сіздердің үлкен мүмкіндіктеріңізді қамтамасыз ететін өте кең көшелеріңіз бар екен», – деді.

Өз кезегінде қала әкімі А.Есімов Ян Гейлдің ойларын жалпы алғанда қолдайтынын және олардың көбін іс жүзіне асыруға болатынын айта келіп:

–  Қала кеңістігінің әрбір метрі барынша тиімді пайдалануы тиіс.  Біз жол инфрақұрылымын салумен және қоғамдық көліктер үлесін кеңейту үшін оны дамытумен белсенді айналысып жатырмыз. Бұл ретте метрополитенді кеңейтіп, жеңіл рельсті көлік жолы жұмыстарын жалғастырудамыз, қаладағы жаяу жүргінші көшелерінің санын арттырудамыз, – деді қала әкімі А.Есімов.

Осымен қатар, қала әкімі тиісті қызметтер мен ведомстволар жетекшілеріне дайындық жұмыстарының жоспарымен «Алматы – адамдарға арналған қала» Тұжырымдамасын жүзеге асыру іс-қимылдарын ұсынуды тапсырды. Сондай-ақ, әкім БАҚ арқылы халыққа кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді табыстады.

«Ақшам-ақпарат».  

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close