ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙТЫНАН

Мәдениетті қызмет көрсетуді қашан үйренеді екен?!

Құрметті әкім мырза! № 25 автобусқа (А847 ҺА) міндім. Контролері де, жүргізушісі де өте дөрекі. Автобусқа адам емес, мал тиеп жатқандай. Жолаушылармен кондукторы болсын, жүргізушісі болсын, қалай болса солай сөйлеседі. Қолдарынан телефоны түспейді, айтатындары боқтық. Оларға тыйым бола ма? Осы жайды құзырлы орындарға жазамын десем, білгеніңді істе, бізге бәрібір дейді. Бұларға көрсетіліп жатқан жаза бар ма?

ДИНА.

 №25 көлік бағытының А 847 НА мемлекеттік нөмірлі жүргізушісі Н.Бектасовқа қызмет көрсету ережесі мен мәдениетін сақтамағаны үшін қатаң шара қолданылды.

 

 Пәтерге кезекке тұра аламыз ба?

Құрметті Ахметжан Смағұлұлы! Біз жолдасым екеуміз екі балалы  жас отбасымыз. Осы күнге дейін жеке пәтеріміз жоқ, ал кезекке тұратын құжаттардың бәрін жинап қойғанымызбен, бізге сәйкес келетін бағдарлама жоқ дейді Тұрғын үй департаментінде. Қойғым келген сұрағым, Алматы қаласы әкімшілігі арқылы пәтерге кезекке тұра аламыз ба? Алдын-ала алғысымды білдіремін.

 ҒАЛИЯ.

 Алматы қаласында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» және «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағытымен және «Қазақ Ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйым» АҚ желісі бойынша сату-сатып алу құқығы бар жалға берілетін тұрғын үйлер «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы әрекет етеді. Аталған бағдарлама шеңберінде өтініш қабылдау, жергілікті атқарушы органда өтінішті қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру берген күннен бастап, бірақ, жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталған күннен бастап 3 айдан кешіктірмей Бағдарламаға қатысу үшін өтініштерді қабылдауды бастайды және жалға берілетін тұрғын үйді іске қосуға 6 ай қалғанда аяқтайды. Аталған бағдарлама бойынша құжат қабылдау Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру берген күнінен бастап жүзеге асырылады. Бағдарламаға жергілікті атқарушы органда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған, жергілікті атқарушы органнан тұрғын үйді жалдау, сонымен қоса ЖАО есебінде тұрмаған азаматтар қатыса алады. «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша Сіз «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға хабарласа аласыз.

 

Көпбалалы анаға жеңілдіктер бар ма?

Сәлеметсіз бе, төрт баламен Алмалы ауданында тұрамын. Төрт баланың анасы ретінде бізге қандай да бір жеңілдіктер бар ма? Екі балам мектепте оқиды, қалған екеуін балабақшаға орналастыруыма мүмкіншілік бола ма?

ҚАЙЫРНИСА.

 Сіз көпбалалы жанұя болғандықтан, Сізге жеңілдіктер қарастырылған. Халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама алып, тұрғылықты аудандық білім бөліміне тіркеліңіз. Мектепке дейінгі ұйымда орын болған жағдайда Сіздің балаларыңызға орын беріледі. Қазіргі уақытта баланың төлемақысына жеңілдіктер қарастырылмаған.

 

Жол жөнделе ме?

Құрметті Ахметжан Смағұлұлы! «Ақбұлақ» ықшамауданындағы Батталов, Тынышбаев көшелері­нің жолы қашан жөнделер екен?

АСЫЛБЕК.

«Ақбұлақ» ықшамауданындағы көшелерге инженерлік коммуникациялар желілерін жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты, жол салу жұмыстары аталған ықшамауданда инженерлік желілердің құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана жүргізіледі.

 

Мектепке қабылдана ма?

Балам 7-сыныпта оқиды. «Назарбаев зияткерлік мектебінің» конкурсынан қажетті балл жинап, өттік. Бірақ, Алматы қаласы бойынша 988 оқушы резервтік тізімде тұр. Резервтік тізімдегі оқушылар міндетті түрде мектепке қабылдана ма?

ЖҰЛДЫЗ.

 «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының оқушылар резерві туралы ақпаратты 225 14 73 телефонына хабарласып біле аласыз.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close