ҚАЛА ӘКIМI ТIКҰШАҚПЕН ТЕКСЕРIП ШЫҚТЫ

Алматы қаласының Әкiмi Ахметжан Есiмов Iле-Алатау ұлттық саябағы орналасқан жердi тiкұшақпен тексерiп шықты. Жоғарыдан айналып ұшу барысында қала Әкiмi Мохнатка тауында орын алған өрттiң зардаптарын жою жұмыстарымен танысып, қар тоқтататын құрылғылар мен тасқынға жасалған тосқауылдардың бұзылған орындарын көрдi. Бұл құрылғылар мен тосқауылдардың жарамсыз болып қалуы Медеу-Шымбұлақ жолына қауiп төндiрiп тұр.

Қала басшысы, сондай-ақ, өртенген ағаштардың қалдығын жинау барысымен танысып, барлық Iле-Алатау ұлттық саябағы алып жатқан жер мен №6 көлдi бақылап шықты.

Қауiптi аймақтарды үстiнен бақылап шыққан Алматы қаласының Әкiмi барлық тиiстi қызметтерге Iле-Алатау ұлттық саябағындағы жағдайды бақылауға алып, келесi аптада республика Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Серiк Ахметовпен болуы мүмкiн кеңеске материалдар әзiрлеудi тапсырды.

Естерiңiзде болса, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң отырысы барысында Алматы қаласының Әкiмi Мохнатка тауында өрт шалған аймақтағы орын алып отырған қауiптi жағдайды айтып, «Медеу» спорт кешенiн сақтап қалу туралы мәселе көтерген едi. Үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмов Премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Серiк Ахметов пен тиiстi министрлiктердiң жетекшiлерiне Алматыға баруды тапсырған болатын.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *