Қала әкімі құрылысшылармен тұрғын үй нарығындағы ахуалды талқылады

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс материалдарын шығаратын құрылыс компаниялары мен кәсіпорындардың басшыларымен кездесті. Коронавирус пандемиясы мен әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға байланысты қазіргі қалыптасқан ахуал басты мәселе ретінде талқыланды.
Экономиканың басқа салалары өкілдерімен өткізілген мұндай кездесулердің басты мақсаты – ахуалды өзгертуге және дер кезінде жедел әрекет етуге дайын болу. Бұл импорттық материалдарды жеткізумен байланысты болуы мүмкін. Негізгі міндет – құрылыс қарқынын сақтап қалу, қызметкерлерді қысқартуға жол бермеу және тапсырыс берушілердің алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындау.
Еске салсақ, бұған дейін қала әкімі Б.Сағынтаев көлік, логистика, банк секторы, сауда кәсіпорындары, өнеркәсіп және өндіріс компанияларының өкілдерімен кездесті.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *