Қала әкімі Кемероводағы қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты

Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматы­дағы Ресей Федерация­сының Бас консул­дығында болды. Қала басшысы «Зимняя вишня» сауда ойын-сауық орталығындағы  алапат  өрт салдарынан қаза тап­қан­дардың туыстары мен жақын­дарына көңіл айтты. Ол Кемеро­вода 25 наурызда болған қайғылы жағдай бірде-бір қазақстандықты бейжай қалдырмағанын атап өтті. 

 – Барлық қазақстандықтар сияқты мен де Кемерово қаласында өрт сал­дарынан адамдардың  қаза тапқаны туралы  хабар­ды зор күйзеліспен қабыл­да­дым. Орны  толмас ауыр қайғыға ор­тақтаса отырып, Алматы қаласы тұр­ғындары мен жеке өзімнің  атымнан  қаза тапқандардың туыстары мен жақындары­на көңіл айта­мын. Сонымен бірге, зардап шеккен­дердің барлығына тезірек сауығып  кетуді тілей­мін, – деді  Бауыржан Байбек.

Ресейдегі қайғылы жағдай кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін  қала тұрғындары Алматыдағы  Ресей Феде­рациясының Бас консулдығы ғимаратына гүл шоқтары мен балалар ойыншық­тарын әкелуде.

Осының алдында Алматы  қаласының әкімі  қаланың барлық  сауда ойын-сауық орталықтарын, базарларды, вокзалдарды, мектептер мен ауруханаларды, балабақ­шаларды және жұрт көп жиналатын басқа да орындарды өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеруден өткізуді тапсырған болатын. Мониторинг нәтижесі бойынша кемшілік  анықталған ұйымдарға тиісті шаралар қолданылады.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *