Қала әкімі кәсіпорындар қызметін қайта бастау жайын бизнеспен ақылдасты

Әсел ДАҒЖАН

Қала әкімі Б.Сағынтаев Алматы Іскерлік кеңесінің отырысын онлайн режимде өткізіп, онда карантин жағдайында кәсіпорындардың қызметін қайта бастау мәселелерін талқылады.

Онлайн жиналысқа Алматы қаласының Іскерлік кеңесіне кіретін «Атамекен» ӨКП, банк секторы, даму институттары, өндірістік және сауда компанияларының басшылары қатысты.

Кездесу барысында Exit Strategy аясында жүзеге асырылатын қаланың экономикалық белсенділігін қалпына келтірудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жоспары талқыланды.

Сонымен қатар, Алматыда орналасқан отандық тауар өндірушілердің жеке қорғану құралдарын, оның ішінде медициналық бетперделер мен қорғаныш костюмдерін дайындауға қатысу мәселелері көтерілді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *