Қала әкімі II Халықаралық Almaty Film Festival фестивалін ашты

Қала күнін мерекелеу аясында Бақытжан Сағынтаев 14-20 қыркүйек аралығында өтетін II Халықаралық Almaty Film Festival кинофестивалінің ашылу рәсіміне қатысты. Фестивальдің ұраны — «Мәдениеттерді жақындастыру».
Негізгі конкурсқа 2019 жылғы екі және одан да көп елдің өнімдері болып табылатын 12 кинокартина түсті. Конкурсқа көпжылдық серіктестік қарым-қатынас қалыптасқан және халықаралық кинофестивальдерде ұсынылған елдердің ко-өнімдерінің фильмдері, сондай-ақ сирек ко-өнімдердің фильмдері енді. Фестивальді ашқан қала әкімі 10-нан астам елден келген, атап айтқанда, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Италия, Әзірбайжан, Болгария, Бангладеш, Португалия, Сингапур, Палестина, Аргентина қонақтарына ілтипат білдірді.
— Фестивальдің өтіп жатқанына екі-ақ жыл болды. Бірақ ол әлемдік киножобалар күнтізбесінде лайықты орын ала білді. Бұл — Ақан Сатаев секілді киноға ғашық жандардың ерен еңбегі. Осындай энтузиастардың арқасында фестиваль қала көркінің бір бөлшегіне айналды, — деді Б.Сағынтаев.
Мегаполис басшысының айтуынша, Алматы — жанға жылу сыйлайтын жайлы әрі креативті қала. Ал оның тұрғындары кино өнерін бағалай алады және түсінеді. Мұндай шаралар еліміздің мәдени астанасы болып табылатын Алматының жетістігін еселей түсетіні анық.
Фестивальде ЮНЕСКО-мен бірлескен «Кинодағы әйелдер», «Ecfa» балалар фильмдерінің еуропалық қауымдастығымен бірлескен «Отбасылық кино» бағдарламасы, «Жарқын дебюттер» бағдарламасы және «Ұшқын» студенттік кинофестивалі жеңімпаздарының бағдарламасы сияқты конкурстан тыс бағдарламалар ұсынылады. «Ерекше оқиға» бағдарламасы аясында «ALMATY FILM FESTIVAL» Халықаралық кинофестивалінің атақты әлемдік қонақтарының жаңа және ретроспективті фильмдері, сондай-ақ бірегей гала-премьерлер көрсетіледі. Жабылу рәсімі кезінде 5 негізгі номинация бойынша марапаттау өтеді:
• Кинофестиваль Гран-приі;
• Үздік режиссер;
• Үздік актер;
• Үздік актриса;
• Қазылар алқасының арнайы жүлдесі;

• ЮНЕСКО-ның арнайы сыйлығы.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *